Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет312/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316
Әдеби KZ
 
 
баяғы Нигер-Сұлтан-Бегім Андижанда жесір қалған. Жәнібек осы Нигер-Сұлтан-
Бегімді өзінің ортаншы баласы әдікке алып берген. Әкесі Омар-Шайх қайтыс 
болғаннан кейін Андижан дийары 
1
Омар-Шайхтың үлкен баласы Бабур мырзаға 
қалған. Бұл кезде Самарқант, Бұқар уәлиеттерін әбусейіттің үлкен баласы Сұлтан-
Ахмет мырза басқаратын. Әдік сұлтан осы Сұлтан-Ахмет мырзаның сенімді 
адамының бірі болып Самарқантта мұзалимдық қызмет ететін. Сұлтан-Ахмет 
мырза өлгеннен кейін, артынан оның кіші баласы жас Байсұңқар мырза билік 
құрған. Одан Самарқант, Бұқар, Андижан уәлиеттерін тартып аламын деп Сұлтан-
Махмұт хан соғыс ашты. Бірақ жеңіліп қалып, амалсыз Дәшті Қыпшақ жеріне 
қашты. Онымен Дәшті Қыпшақ жеріне Сұлтан-Махмұт ханмен тілектес болған әдік 
сұлтан да бірге кеткен. Бірақ қазақ жеріне жеткен кезінде қайтыс болды. Соңынан 
қуып келген Нигер-Сұлтан-Бегім қайтадан Мұхамед-Шайбанидің жеріндегі өгей 
балаларының қолына барғысы келмеді. Көңілі ескі дос Қасым ханға ауды. Әрине 
бұл күндерде Нигер-Сұлтан-ханым бұдан он бес жыл өткен соң, Қасым хан өліп, 
Қашқардың ханы — ағасы Сұлтан-Сейіттің қолына барып, өзі бір кезде иттің етінен 
жек көрген әбдірашид сұлтанның гареміне жалғыз қызын беретінін білген жоқ. Ал 
қазір қарақат көз, оймақ ауыз сұлу Нигер-Сұлтан ханым өмір бойы арман еткен, ең 
бірінші бетін ашқан Қасым ханға қосылғанына өте-мөте қуанышты еді. Ағасы өлсе 
жесірі ініге мұра — көне қазақ дәстүрі, Қасым хан алтыншы қатыны етіп Нигер-
Сұлтан ханымды алды. Сайрамның қақпасын ашқанда, өзінің ақрұғында осы 
Нигер-Сұлтан ханым да болды. Жастағы арманы орындалғанына Қасым 
бұрынғысынан да қатты рухтанып, енді хандық іске алаңсыз кірісті... 
Хандық іс — ол кезде әскер ісі, кім де кімнің әскері күшті болса, сол — хан және 
күшті хан. Қасымның жас кезінен ұстаған жалғыз сара жолы бар. Ол жол — 
бейбітшілік жолы — өз жеріңді ешкімге берме, өзгенің жерін тартып алма. Өзгенің 
жерін тартып алмау оңайға түскенмен, күштілер жеңген опасыз сұрқия заманда, 
өз жеріңді бермеу оңай іс емес еді. Бұны жақсы түсінген Қасым Сайрамға 
1
Д и й а р — облыc (Парсы тілінде). 


335 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет