Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет99/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   316
Әдеби KZ
 
 
олардың үрейлене шыққан шаңқылы еміс-еміс естіледі. Нояндар жылан сырын 
енді түсінді. Мынау әп жылан ата кегін енді қарт қыранның балапандарынан 
алмақ! 
Шыңғысханның оң жағындағы, қазір қартаң тартқан баяғы мерген бас ноян 
садағын қолына тағы алды. Шыңғысхан осыдан жиырма бес жыл өткен әдетіне 
сай оны тағы тоқтатты. 
Жас жылан, келе жатқанымды көріп балапандардың күні бұрын зәресі ұшып 
өлсін дегендей асықпай жылжиды. Ұяға міне, үш құлаш жер қалды. Тағы да жылан 
өрмелей түсті, енді екі құлаштай ғана єалды. Жылан енді бір өрмелесе ұяға да 
жетеді. Қарт қыранның балапандарының жас қанын ішіп, ол ата кегін қайтарады. 
Жылан енді ақырғы рет өрмелеп ұя аузына да жетті. Қыран балапандарының 
шырылдаған дауыстары енді анық шықты. Мерген ноян тағы да садағын қолына 
алды, Шыңғысхан тағы да тоқтатты. Жыланның басы қыран ұясы салынған қуысқа 
кіре берді. Дәл осы кезде кереге қанаттары суылдап қыран да жетті. Бұл сөзсіз 
баяғы қыран. Бірақ қанат серпісі баяғыдай дауыл тұрғызар екпінді емес, 
қартайған... Әйтсе де жаратылысынан жасқануды білмеген жау жүрек қыран, 
қартайдым, алысар қуатым жоқ деп жас жыланнан сескеніп шегінген жоқ, алыс 
жолдан талып келген қанатын ең ақырғы рет пәрменінше сілтеп, жартастың дәл 
төбесінен бауырлай түсіп, бір аяғымен жыланның құйрығынан іліп төмен қарай 
лақтырған тасша құлады. Жыланның басы сопаң етіп шығып, шұбар денесі бір 
мезет жазыла көрінді де, әп-сәтте қайтадан жиырылды. Енді оның лақа балық 
басындай жалпақ басы жоғары қарай көтеріле берді. Бірақ жылан басы қыран 
денесіне тиіп үлгермеді. Сын айқаста тәжірибе алған қарт қыранның бос аяғының 
мұқала бастаған, бірақ әлі де сояудай тарбиған тырнақтары жыланның тасырайған 
қос көзіне барып қадалды. Екі алып осылай айқасқан қалпында жерге келіп 
құлады. Тағы да баяғы жан аяспас жұлыс, орала жұмарланған денелер. Жастың 
аты жас, бұл жолы әп жылан қыранды ортан белінен орап алған-ды. Күші қайтқан 
қыранның мұқалған тырнақтары аждаһаның құйрық жағын босатып жіберді. Бұ 


107 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет