174
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Екінші бөлім
І
Ұлы Шыңғысханның екінші баласы Жағатайдың
бесінші буыны Мұхамед
ханның шөбересі, атақты Уайс ханнан туған, Моғолстанның қазіргі ханы Исан-Бұғы
бүгін өте қапалы еді.
Жайшылықта бір қарағаннан көңілін көтеріп жіберетін Алмалықтың жасыл
төккен бау-бақшасы да, Алатаудың бұлт қонған қаһарлы биіктері де, көшеде қыз
күлкісіндей үнемі сыңғырлап ағып жатқан арықтардың күміс сылдыры да, бүгін
жүдеу жанын жұбата алмаған.
Ол кездегі мол сулы Алтын Емел өзенінен Жалайыр
жігіттері жаз бойы құм
жуып, ханға тарту етіп алып келген жарты қапшық ұсақ алтын да, тіпті бұның
көңілін ашпаған. Жігіттердің ықыласын аяқсыз тастағысы келмей, бесеуіне бірдей
сол Алтын Емел бойынан
әрқайсысына бір тепе
1
басыбайлы жер берілсін деп
бұйрық алған да өз қолымен иықтарына зерлі шапан жауып,
қайтадан төргі
бөлмесіне кіріп кеткен. Әрқайсысы бір тепе алтын жуатын жерге ие болып, кенет
байып қалған жігіттердің қуанышты кетіп бара жатқанын терезеден көріп, сәл езу
тартып, күлген. Бірақ кенет қайтадан қабағы түйіле қалған. Кешегі естіген хабары
қайтадан қойнына біреу суық жылан салып жібергендей бойын тітіркенте түскен.
Хан кеңесі жиылғанша жанын қоярға жер таппаған. Сосын екі жүз елу жыл
бұрын Жағатай бабасы мекен еткен, бір кезде Үйсін, Жалайыр, Ұйғыр диқандары
салған, бірақ қазір құлап біткен көне Алмалықтың ескі жұртына барған. Бұл ескі
жұрт Исан-Бұғыға қымбат дүние еді. Осы ескі жұртта ол алғашқы рет махаббаттың
не екенін білді, осы ескі жұртта ол әкесі Уайс ханның қалай қан төккенін көрді.
Әкесі Уайс сұлтанның алғашқы жігіт кезінде
бұлардың ұлысы Жейхун
дариясының оң жағында болатын. Дарияның сол жағында ат шаптырымдай
1
К ө н е ж е р ө л ш е у м ө л ш е р і — бір тепеде екі шаршы шақырымдай.
175
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: