Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет169/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Қара теңіз бен Азов теңізінің жағасындағы қалалардың Күншығысқа баратын 
сауда керуендерін ол енді Дәшті Қыпшақ жерін қақ жарып, Арал теңіз даласы 
арқылы өткізуге кірісті. Жолдың бұлай өзгеруі Шығыс пен Батыстың керуен сарайы 
боп тұрған Алмалыққа қанша зиян келтірді. Ал, Мөңке хан өзі Қарақұрымда 
отырса да, қытай мен ұйғыр қызына үйленді. Ақылгөйлерінің көбін қытай, 
ұйғырлардан алды. Осының бәрі ұлы Шыңғысхан ұрпақтарының өз тілін, өз 
хандығын жоғалтуға аз себеп болған жоқ. Жоқ, жоқ ақымақ балаңның сүйері — өз 
тілегіндегі қатын болмаса, оның зияны аз тимейді. Сондықтан да Исан-Бұғы жақсы 
көрген насрани қызы тірі қалуға тиісті емес. Ол өлуі керек». 
Хан уәдесінде тұрған. Жазығы жоқ, уылжыған жас сұлуды Орданың екі нөкері 
Исан-Бұғының көз алдында бауыздаған. Бұл оқиға Исан-Бұғының жүрегіне бітпес 
жара салған. Ол өзінің сүйген адамының көз алдында қалай ажал тапқанын 
көргеннен кейін, жас жаны енді аяушылықты мүлдем ұмытып, тірі пендеге 
рақымсыз, тасбауыр болып алған. Соңынан алғашқы махаббатының өшін талай 
қас-жауынан қайтарған. Осы өштің ең алғашқы құрбаны әкесі бір, шешесі басқа, 
өзінің ағасы Жұныс еді. Исан-Бұғы әлгі оқиғадан жеті жыл кейін әкесі Уайстың 
орнына Моғолстан тағына отырған күні, ағасы Жұнысты ұстауға әмір берді. 
Ондағы ойы тек «түбі осы менімен хандыққа таласады» деген қауіп қана емес, 
баяғы кәпір қыздан айыртқан өшін алуы да еді. «Таста тамыр, ханда бауыр жоқ» 
деген міне, осылай келетін. Бірақ Жұныс қолға түспей қашып кетеді. 
Исан-Бұғы өзі хан болғаннан кейін, осы кәпір қыздың өлген жеріне құлпытас 
орнатқызып, ескерткіш қойдырған. Әлдеқалай қайғырса, не жол таба алмай 
қиналса, хан үнемі осы араға келетін. Сүйген адамының сол күнгі көз алдында 
бауыздалған суретін елестетіп, сөйтіп босай бастаған көңілін қайтадан 
қатуландыратын. Хан жолының мейрімсіз жол екенін есіне түсіріп, толқуын 
тоқтататын. 
Соңғы кезде Моғолстан шекараларының тыныштығы тым бұзыла бастаған-ды. 
Осыдан бір апта бұрын жеткен хабарға қарағанда, Қашқар, Құлжа қалаларына 


182 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет