Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет28/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   316
Әдеби KZ
 
 
қызметіндегі бір князьдің жауынгері ұстап алып өлтіреді. Басын Тоқтағуға әкеп 
береді. Бірақ жауынгер қылығынан шошынған Тоқтағу «Қарапайым адам хан 
тұқымына қол көтермес болар» деп өзінің басын алдыртады. 
Хан атын алмағанмен, Ноғай Ұлы би аталған. Дәшті Қыпшақ жерінің батыс 
бөлегі Ноғайлының хандығына айналады. Бұл хандықтың негізін қалаған Маңғыт 
руы.
Әбілқайырдың да өзінің қол астындағы Арғын, Қыпшақ руларының белді 
адамдарынан сескенуінің де бір себебі осында. Ноғай батыр секілді Ақжол бидің 
де (бұл ел қойған аты, шын аты Дайырқожа) артында тұрған қалың Арғын елі бар. 
Ал Майсара Қобыланды батырдың соңынан ерген Қызыл бас елін шауып, қисса 
жырына айналған арғы бабасы Қара Қыпшақ Қобыландыдан қалған жау жүрек 
бықыған айбарлы Қыпшақ жұрты тұр... Қайсысының сөзін жақтау керек. Бұдан 
қиын хан басына сын бар ма? 
«Жалғанда не қиын, қазақтың ру таласын шешу қиын. Бірақ оны шешудің 
қандай қажеті бар? — Әбілқайыр хан мырс-мырс күлді. — Шыңғыс тұқымының 
хан тағына осыншама ұзақ отыруының себебі де осында емес пе? Егер ру-ру боп 
бөлінген бар қазақ бірігіп кетсе не болар еді? Жоқ-жоқ, бұл жұрт — абайлап 
ұстамасаң қолыңды алып түсер қылшылдаған ұстара. Абайлап ұстаудың жалғыз 
жолы — біріне-бірін бақтырып қою. Сонда ғана бұл өткір ұстара қауіпсіз». 
Бұл — Әбілқайырдың ойы. Ал Жәнібек болса, осынау ру таласына өзгеше 
қарайды. «Қазір Әбілқайыр қиын халде, — деп болжайды ол, — Ордасының да 
айбары бұрынғыдай емес, жан-жағы түгел аш қасқырдай талауға әзір жаулары. 
Оңтүстік-күнбатыс жағынан Қорасан қайтадан бас көтере бастады. Мауреннахр 
бұқарасының да өшпендігі күшеюде. Ақсақ Темір ұрпақтары іштен тынып, сәтті 
күнін күтіп отыр. Солтүстік-батыс тұсы да жауар күндей түнеріп тұр. Ал Еділ 
өзенінің арғы бетіндегі Ноғай Ордасы күннен-күнге іргесін әрі салып бара жатыр, 
достықтан қастық тілеуі басым. Ежелден бәсекелес жаулары Қазан мен Қырым 
хандықтары да бел алып кеткендей. Астрахань сұлтандары Әбілқайырдан көрі, 


30 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет