Көз – күрделі оптикалық жүйе болып саналады. Көз алмасының тор қабатында (сетчатка) нәрсенің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескіні пайда болады. Жақыннан көргіштік



Дата08.12.2023
өлшемі14,96 Kb.
#135400
Байланысты:
Оптика негіздері


  1. Көз – күрделі оптикалық жүйе болып саналады. Көз алмасының тор қабатында (сетчатка) нәрсенің кішірейтілген, шын, төңкерілген кескіні пайда болады.

  2. Жақыннан көргіштік – көздің алыстағы нүктесі шекті қашықтықта орналасады және күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның алдында пайда болады. Көздің бұл ақауы жақыннан көргіштік деп аталады. Осы ақауды түзету үшін шашыратқыш линзалары (D<0) бар көзілдірік киеміз. Жақыннан көргіштер алыстағы нәрселерді анық көре алмайды. Жақыннан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы 25 см ден кіші.

Алыстан көргіштік – көздің жақындағы нүктесі алыстап кетуіне алып келетін көздің ақауы. Күш түсірмей қараған кезде (босаңдық кезінде) кескін торламада емес, оның сыртында пайда болады. Осы ақауды түзету үшін жинағыш линзалары (D>0) бар көзілдірік киеміз.Алыстан көргіштер жақын тұрған нәрселерді дұрыс көрмейді. Алыстан көргіштер үшін еӊ жақсы көру аралығы 25 см ден үлкен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет