Сабын алу өндірісінде майлар бастапқы шикізаттар болып саналады. Майларды сілтілі гидролиздегенде, нәтижесінде глицерин мен жоғары молекулалы май қышқылдарының натрий және калий тұздары түзіледі. Сабын дегеніміз ─ осы жоғары
молекулалы май қышқылдарының натрий және калий тұздары.
C17H35COO ─ CH2 CH2 ─ OH | | C17H35COO ─ CH + NaOH → CH ─ OH + 3C17H35CO2Na | | C17H35COO ─ CH2 CH2 ─ OH Пропан-1,2,3-триокта- Глицерин Натрий стеараты деканоаты (глицериннің тристеараты) Табиғатта кездесетін қатты және сұйық майлар ─ адамға энергия беретін тамақ өнімдерінің негізгі құрам бөлігі болып табылады. Жануарлардың қатты майлары негізінен қаныққан қышқылдардың эфирлері болса, ал өсімдіктің сұйық майларының құрамында қанықпаған ─ HC = CH ─ топтары кездеседі.