Екі түбірдің қосарлануыарқылы жасалғанқос сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады.
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалғанқос сөздер қосарлама қос сөздер деп аталады.
Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ, ыдыс-аяқ, т.б.
Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:
1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер:аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т.б.
2) Мағынасы бір-біріне қарама-қарсыантонимқос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т.б.
3) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т.б.
4) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т.б.
5) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т.б.
Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер деәрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.
Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әртүрліжолмен қысқарады:
Күрделі атауларды шартты түрде белгілі тәсілдермен қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады. Қысқарған сөздерді тіл білімінде аббревиатура деп атайды. Күрделі сөздер әртүрліжолмен қысқарады:
1. Күрделі атаудың әр сөзінің бас әрпінен: ҚР, БҰҰ, ТМД, т.б.
2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздің басқы әрпінен:ҚазҰУ, ҚарМУ, ҚазҰПУ, т.б.
3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буынынан:ауатком, колхоз, ұжымшар, т.б.
4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны мен келесі сөз түгел алынады: пединститут, медколледж, медбике, педпрактика, т.б.
5. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөзге жатады: ТУ-104, ДТ- 54, ЯК-40, т.б.
6. Әртүрлі өлшем бірліктері: м (метр), кг (килограмм), ц (центнер), т.б.
Қысқарған (пединститут, ауатком, ұжымшар, кеңшар, медколледж сияқты сөздерден басқа) сөздерге қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы, ҚазҰУ-ды бітірген, ДТ-54-ті жүргізеді, БҰҰ-ға мүше, т.б.
Күрделі сөздің бірі тіркесті сөздің құрамындағы сөздер біртұтас лексикалық мағына береді, бір ұғымның атауы болып келеді.