Кредиттік оқыту технологиясы — бұл білім беру технологиясы, өз бетімен білім алу деңгейін көтеру және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеру, оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алуды, білім беруді таңдап алған траекториясын регламенттеу болып табылады
Пайда болуы...
Кредиттік жүйе алғаш рет АҚШ пайда болды.
Бұл жүйе алғашында пәндер көлемі жүйесінің шешуін өлшеуші «кредит-сағат» болып енгізілді. 1892 жылдан бастап «кредиттік-сағаттық» жүйенің екінші кезеңі басталып, осы кезде АҚШ-тың ұлттық білім комитеті университет, колледж, мектеп топтарын жақсарту мақсатында, оқу бағдарламаларын стандарттауда «кредит» ұғымын тек университет пен колледждерде ғана емес, орта мектептерде де, енгізе бастады
1870 жылдары Гарвард университетінің Президенті, белгілі Американдық білім қайраткері Чарльз Элиот салып, «кредит–сағат» ұғымын қоғамға енгізген болатын.
19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Осы заңның 11 бабында білім жүйесі мәселелерінің бірі болып оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық-коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге мүмкіндік туғызатыны атап көрсетілген.
ҚР-ның «Білім туралы» Заңын іске асыру мақсатында №66-шы «кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген.
Қазақстанда
Кредиттік оқыту жүйесінің мынадай артықшылықтары бар
- Қазақстан жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломдарын әлемдік университеттік қоғамдастықтың мойындауы; - білім сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігі, сол арқылы қазақстандық жоғары мектептің халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу үрдісін қамтамасыз ету; - академиялық еркіндік және оқу бағдарламаларының көп нұсқалылығы, пәндер мен оқытушыларды таңдау мүмкіндігі; - оқу үрдісі мен жеке білім алу жолын және мамандандыруды таңдауды ұтқыр жоспарлау мүмкіндігі; - студенттерге академиялық ұтқырлықтарды қамтамасыз етумен шектелмей, сонымен қатар жаңа жағдайларға бейімдейтін икемдерді қалыптастыруға, алған білімді іс жүзінде пайдалана білуге көмек көрсету; - оқу үрдісін барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қағаз жүзінде және электронды түрде қамтамасыз ету; - оқытудағы мәжбүрлеу әдісінен студенттің өзін білім алуға белсенділендіруге көшу. Мұнда студенттің өздік жұмысына баса назар аударылады, ол бітірушілерді «өмір бойы» оқуға дағдыландыруы керек;
білім көлемін біріздендіруді, оқытуда барынша дараландыру үшін жағдай туғызуды, білім алушылардың білімін тексеруді күшейтуді, білім алушылардың оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтауды жатқызамыз.
Кредиттік оқыту технологиясының негізгі міндеттерінің ішінде- оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың білімін тексеруге арналған бақылау сұрақтарын жандандыруды атап өткен орынды.
Қазақстанның жоғары мектебі дүниежүзілік білім деңгейіне жетуге және бірыңғай білім беру жетістігіне енуге ұмтылу бағытында. Алға қойған мақсаттарға жету механизімі Болондық процестің өлшемдерін орындау арқылы жүзеге асырылады.
Еуропа елдерінің қолдап отырған Болон декларациясының басты ұстанымдары: жоғары білім берудің үш деңгейін бекіту; оқыту үрдісін ұйымдастырудың және оқыту нәтижесін бағалаудың еуропалық кредит жүйесін енгізу; оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығы; білім беру барысында еуропалық сапа деңгейін қамтамасыз етіп, жоғары білім сапасын бақылау
Міндеттері
Көздейтін мәселелер…
білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандан-дыру;
оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;