«Идея жазбасы»
|
Аты Мерзімі
Мəселенің белгіленуі
Мен нені білемін? Менің нені міндетті түрде түсінуім
(білуім) керек?
Шешім жəне ескерту
|
|
Түсініктеме жəне нақтылау
|
|
Бағалау жəне оқу үдерісі барысында оқушының белсенді қатысуы қалыптастырушы бағалаудың маңызды құрылымы болып табылады. Сол себепті оқушы өзінің оқу нəтижелерін бағалау барысында міндетті түрде белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін-өзі бағалап үйрену, сол сияқты өзінің нəтижелерін жақсарту жолдарын таба білуі керек.
Мұғалім оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы жəне мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет. Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.
Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дəл жəне айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.
Оқушыларды ң өзін-өзі бағалау кестесі
|
Критерийлер
(оқушының іс-əрекеттері)
|
Əрқашан
|
Əдетте
|
Кейде
|
Ешқашан
|
Мен талқыланып жатқан мəселені басқа проблемалармен салыстырып олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындаймын
|
|
|
|
|
Мен мəселені жан-жақты қарастырып, қорытынды жасаймын, барлық ойлар мен болжамдарымды ортаға саламын.
|
|
|
|
|
|
Мен нақты дерек көздеріне сілтеме жасап, барлық ұсыныстарымды нанымды түрде дəлелдеймін.
|
|
|
|
|
Талқылау барысында мен басқалардың пікірлерін мұқият тыңдаймын, олардың сөздерін бөлмеймін, олармен санасамын.
|
|
|
|
|
|
Мəселені шешуде ортақ мəмілеге келу үшін мен өз
пікірлеріме өзгерту енгіземін.
|
|
|
|
|
Мен жоба тақырыбы бойынша қажетті ақпарат көздерімен танысып, оларды жан-жақты қарастырып
қолданамын.
|
|
|
|
|
Мен оқулықты қайталамайтын, өзіндік түсінігімнен туындаған жаңа көзқарас пен пікірлерді
келтіремін.
|
|
|
|
|
Жазба жұмысын орындауда оқушыларды ң өз əрекеттерін бағалаулары
|
Мен өз пікірлеріммен ұстанымдарды анық жəне
айқын түрде келтіремін.
|
|
|
|
|
Мен баяндау стилін мұқият қадағалап, соған сəйкес
сөздер мен тіркестерді таңдаймын.
|
|
|
|
|
Мен ой қорытуда проблеманы философиялық(жалпылама)т
ұрғыдан қарастырамын.
|
|
|
|
|
Мен проблеманы шешуді практикалық тұрғыдан
қарастырамын.
|
|
|
|
|
Оқушылар бір нəрсені қалай түсіндіретінін, бір нəрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, бірақ араласпаңыз. Бұл сіз үшін құнды, өйткені оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың өзара бағалауы емес сыныптастарын бағалауы
Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалауының мəні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару жəне жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нəтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік беріп, мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Өзін-өзі бағалау жəне өзара бағалауға арналған ережелер.(2-қосымша)
Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға жəне бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, əңгімелесуге, түсіндіруге жəне біріне-бірі сыни көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді.Өзара бағалау өз жұмысының бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нəтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Жазбаша жұмысты өзара бағалауға келер болсақ, ол мұғалім жұмыстарды тексеруді толығымен тоқтатады деген сөз емес. Мұнда мұғалім жұмыстарды қарап шығып, өзінің пікірлері мен ескертулерін айту қажеттігі сөзсіз. Жұмыстың белгілі-бір бөлігін мұғалімнің Дегенмен де, бұл үдерістің мақсаты мұғалімді алмастыру емес, оқушыларды өз жұмысын жақсарту жолдарын тануға көмектесу болып табылатындығын ұмытпау керек.
Өзара бағалауды дамытуға ықпал ететін көптеген стратегиялар бар. Төменде екі нұсқасы келтірілген. Бір рет қолданғаннан стратегияның əлеуетін толыққанды бағалауға мүмкіндік болмайтынын естеріңізде сақтаңыздар, сондықтан таңдап алынған стратегияны кем дегенде екі сабақта қолданып көру қажет (асылы, оны сыныпта қолданатын тəсілдеріңіздің қатарына қосқан дұрыс).
1 стратегия: Оқушылардың жетекшілігімен жүргізілген пікірталас Егер де сіз əдетте сабақты қорытынды шығарып, өткен материалға қысқаша шолумен аяқтайтын болсаңыз, онда бұған балама ретінде оқыту мақсатын айтып, оқушылар қол жеткізген жетістіктерді қарау жəне алдағы қадамдарды талқылау үшін оқушылардың шағын тобын тағайындау тəсілін қолдана аласыз (егер оқушыларда бұған дейін мұндай тапсырмаларды орындау тəжірибесі болмаса, онда сізге оның мақсаттары мен міндеттерін бүкіл сыныпқа түсіндіріп, алғашқы топқапікірталасты жүргізудің бірнеше
тəсілдерін ұсыну қажет).
Төменде қолдануға болатын бірнеше нұсқалар келтірілген:
Оқушыларға алдағы уақытта пікірталас жүргізу ұсынылатындығын жəне оның қалай өтетіндігін түсіндіретініңізді хабарлаңыз.
Пайдалануға болатын тіркестер мен сөйлемдерге мысал келтіріңіз, олардың материалды меңгеру деңгейін жəне де жақсартуды, дамытуды талап ететін салаларды анықтауға көмектесе алатындығын түсіндіріңіз.
Пікірталас жүргізуді сеніп тапсыратын топқаалдын-ала ескертіңіз.
Əрбір жаңа пікірталастан кейін жекелеген оқушының өз күшіне деген сенімінің артуын қадағалаңыз.
Оқушылардан өз топтарында жетекші топ ұсынған қорытындылармен келісетінін/ келіспейтінін қысқаша талқылауды сұраңыз.
Оқушыларға қосымша көзқарас білдіруді ұсыныңыз.
Талқылауды басқарып отырған оқушылардың сіздің тарапыңыздан толық қолдау көріп отырғандығына көз жеткізіңіз. (UK DfES AfL материалдары бойынша)
Достарыңызбен бөлісу: |