Критериалды бағалау – бастауыш білімнің мақсаты мен мазмұнына сəйкес келетін, білім алушылардың оқу-танымдық біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, айқын анықталған, ұжыммен əзірленген, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (білім алушыларға, мектеп əкімшілігіне, педагогтарға, ата-ана мен басқа да заңды өкілдеріне) алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі.
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған жəне бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген жəне потенциалды деңгейлері арасындағы сəйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды1.
Критерий–оқытуміндеттеріменанықталады, оқушыныңжұмысбарысында орындайтын жəне нəтижесінде меңгеруге тиісті əртүрлі іс-əрекетінің тізбегі.
Критериалдықбағалаужүйесі-қандайдабіроқуматериалықаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Замануи мектепте білім алушылардың білім алу іс-əрекетін критериалды бағалау тəсілі қажет, себебі бұл тəсіл кері байланысты іске асыруға көмектеседі, білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың оқыту нəтижесі мен өлшем критерийлерін көруге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсатыбағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу жəне оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну [1, 2, 3]
Критериалды бағалау жүйесі мұғалім, оқушы, ата-ана, сынып жетекшісі, сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы əкімшілік, педагогикалық ұжым арасындағы үнемі байланысты, білім беру үдерісінің толықтай, жүйелі қалыптастыруды қамтамасыз етеді.