«Серпілген сауал». Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға жəне талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», «Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»
«Сұрақтықағыпал». Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді жəне оқушыларды өз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі. Сұрақтардың қиындығына қарай оның басиапқы салмағын белгілеуге (ұпай арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей, қапшықты басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. Бұл тапсырманы шағын топтардың арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім қапшықты кезекпен топтарға лақтырады.
«Доптылақтыру» Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл əдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
«Сөздітап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.
«Конверттегісұрақ». Əрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз жəне оқу мақсатына сəйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады жəне конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады.
Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
«Пікір алмасу»(Showdown). Əрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Əрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады жəне жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.