Күштеп ұжымдастыру



Pdf көрінісі
Дата08.04.2022
өлшемі35,87 Kb.
#30369


Күштеп

ұжымдастыру

Күштеп ұжымдастыру 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге

бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде

жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928

жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай

шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті

жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде

атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта

шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен

жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға

біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды.

Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе

жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді.

Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп

отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып

алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-

шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932

жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен

бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі

құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз

бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал

болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-

көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына




 

Соңғы рет  2 ай бұрын

 

Sabyrzhan07

 өңдеді  

байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары

жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға

ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет

мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген

қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан

аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді.

Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп,

елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, өзінің жеке билігін

орнатты. Голощекин Қазақстанда „Кіші Қазан” идеясын жүргізді. Оның бұл идеясына

Рысқұлов, Нұрмақов, Сәдуақасов, Төрегожин сияқты қайраткерлер қарсы шықты.

Бірақ Голощекинді Сталин қолдап отырды. Қазақстандағы аштық және оның

себептері туралы Тұрар Рысқұлов Сталинге бірнеше рет хат жазды. Зорлап

ұжымдастыру салықтың көп салынуы және Кеңес өкіметінің мұсылман дініндегі

мешіттерді жауып тастауы, мұсылман әдет-ғұрыптарына тиым салуы халықтың

наразылығын туғызды. Соның салдарынан 1929-1932 жылдар аралығында

Қазақстанның көптеген аймақтарында шаруалар көтерілістері болды. Алғашқы

осындай көтерілістің бірі Қазақстанның оңтүстігінде Бостандық ауданында

басталды. Сондай-ақ көтеріліс Қостанай округінің Бетпаққара ауданында,

Оңтүстіктегі Созақ ауданында, Қызылқұмда, Ырғызда, Маңғыстауда,

Қарақалпақстанда ірі шаруалар көтерілістері болды. Бұл көтерілістерді Кеңес үкіметі

арнайы әскери бөлімдер күшімен басып, оған қатысқандары қатаң жазаға тартты.

5551 адам сотталып, олардың 883-і атылды.

«

https://kk.wikipedia.org/w/index.php?



title=Күштеп_ұжымдастыру&oldid=2983765

»

бетінен алынған





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет