нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге асыру мүмкіндігі;
тұтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мұндай мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды
Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бұл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура құрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.
Саяси билік субъектілері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді.