Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна



Pdf көрінісі
бет42/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

ҚОРЫТЫНДЫ 
Әр дəуірдің суреткері шығармаларында өзінше қолтаңба қалдырады. 
Қазіргі кезде тіл, оның ішінде ұлт тілінің жəне бейнелілік мəселесінің өзіндік 
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін зерттеу бағытына басымырақ көңіл бөлінуде. 
Осылардың негізінде зерттеу жұмысымызда тіл мен ойдың, тіл мен танымның, 
бейнелілік пен əдеби бейненің бірлігін дəлелдеу үшін алдымен əдеби бейне мен 
бейнеліліктің теориялық негіздерін тану қажеттілігі туындайды. Соның 
негізінде Сыр сүлейлері шығармалары негізінде ұлт болмысына, тарихына, 
салт-дəстүр, ұлттық санасына, өзіндік ерекшеліктеріне қатысты дүниелердің 
сырына көз жеткіздік. Сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің жалпыхалықтың тілдегі 
көріктеу құралдарын өзіндік сөз саптау мəнеріне сай елеп-екшеп, шеберлікпен 
пайдаланып, жетілдіріп қолданғанына көз жеткіздік. 
Зерттеу жұмысымыздың бірінші міндеті - Сыр сүлейлері Базар жырау, 
Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқты Омары, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Қарасақал 
Ерімбет жəне т.б. ақындардың көркемдік ойлауын жəне суреткерлік 
дүниетанымын айқындау болатын. Осы міндетті шешу барысында көптеген 
əдеби-теориялық еңбектер мен ғылыми-тұжырымдамалық мақалалар талданып, 
нəтижесінде мынадый қорытындыға келдік: көркемдік бейне – адамның 
қоғамдық өмірінің оқырмандарына ашып көрсететін суреті. Ал, көркемдік 
образ – яғни, əдеби бейне сурет дегенді білдіреді, бірі – көріктеу тəсілі болса, 
екіншісі – тіл образдылығы. Сыр сүлейлерінің əдеби бейне, образды сөз 
қолданысын көркем тілмен жеткізуін талдай келе, поэзиялық айшықты 
орамдармен берілетін элементтердің мол екені айқындалды. 
Сыр сүлейлерінің жазба айтысындағы бейнелілік пен ұлттық сипатты 
қарастырдық. Ұлттық мінез бен көркемдік ойлау, символдық бейне жасауда 
Сыр сүлейлері өзіне бағдар етіп, соны ізденістерге барған. Автор мен 
тыңдаушы бейнесі жазбаша айтыста өзіндік сипатқа ие болады. Шыңдалу 
жолында ақындар үлкен үйрену мектебінен өткені жəне дəстүрді шеберлікпен 
жалғастырғаны сөз болды. Сыр сүлейлері қай шығармасында болсын ұлттық 
бейне жасауға ұмтылған. Осы негізде қазақ əдебиетінің əлемдік əдебиеттегі 
орнын ұлттық мінезді шығармашылық даралығымен бейнелеген. Мəселен, 
«Оңғар жырау мен Ырысты қыз», «Күдеріқожа мен Ұлбике», «Бұдабай мен 
Қарлығаш», «Ырысты қыз бен он алты ақынның айтысы», «Керейт Даңмұрын 
мен Қаңлы Жүсіп», «Он алты ақын айтысы», «Алты ақынның өмір туралы 
айтысы», «Кете Жүсіп, Тұрымбет, Жиенбай», «Т.Ізтілеуов пен Ш.Омары» т.б. 
Осы негізде қазақ əдебиетінің əлемдік əдебиеттегі орнын ұлттық мінезді 
шығармашылық даралығымен бейнелеген ақындар ұлттық кейіпкер бейнесін 
жасаған.
Біз сөз еткен сүлейлер шығармаларында сыр, бояу, ұлт сипатын 
білдіретін өрнек, нақыштар жеткілікті екені сараланды. Ақындардың 
өлеңдеріндегі көркемдік құралдардың қолданысын талдай отырып, оның 
ұлттық, танымдық мəніне үңілу, ұлттық бар болмысынан хабар берудегі 
қызметіне тоқталумен құнды болып келеді. Сыр сүлейлері қолданған 


137 
бейнелілік, яғни образдап сөйлеу ұлттың бар болмысы мен дүниетанымынан 
хабар беруімен құнды. 
Диссертациялық жұмыстың келесі міндеті - жоғарыда аталған ақындар 
өлеңдері, мысал, айтыс, дастандарындағы символдық бейне жасау тəсілдерін 
саралау болатын. Сыр сүлейлерінің мысал, айтыс, дастандарындағы əдеби 
бейненің көрінісін өсиеттік, аңыздық, дастан хикаялық, мысал айтыстар деп 
топтап талданды. Т.Ізтілеуовтің «Лұқпан Хакім», «Ата мен бала», 
Ш. Омарының «Маймыл», «Жарлы Тəліп», Ж. Қадірбергенұлының «Ағайынды 
үш жігіт», «Жүкті қыз», Бұдабай Қабылұлының, Ү.Жұманазардың, 
Т. Үркімбаевтың, мысалдары ғылыми айналымға түсті. Сыр сүлейлерінің 
мысалмен ой қозғауы арқылы мысал айтысын тудырғаны сөз болды. Мысал 
өзіндік ерекшелігі бар жанр болғандықтан, ақындардың сөз саптауы мен 
образды, бейне жасаудағы ерекшелігі де ашылды. Күлдіру, əшкерелеу, ой 
қозғау, ойды қиялмен жеткізу шеберліктері дəлелденді. 
Ақындардың өмірді образ арқылы ойлауы, тануы, бейнелеп берудегі 
ерекшелігі сөз болғанда, ойды бейнелі жеткізуі назарда болды. Іс-əрекетті түрлі 
əдіспен бейнелеп берудегі, кейіпкер бейнесін жасаудағы сөз қолданыстары 
ашылды. Образдылық пен суреткерлік, халық тілінің шұрайлы кестелері Сыр 
сүлейлеріне тəн құбылыс деген тұжырым жасап отырмыз. 
Сыр сүлейлерінің мысал, дастандарындағы əдеби бейнеге талдау жасап, 
біршама оң нəтижеге қол жеткіздік. Мысал, дастандардағы образдылықты 
салыстыра отырып, авторлардың айтпақ ойын, сөз қолданысындағы 
ерекшеліктеріне тұжырым жасадық. 
Талдау барысында, мынандай қорытындыға келдік: 
- Ұлттық мінезді, образдың типтілігін екі түрге бөліп қарастырдық, 
ұлттық мінез жəне типтілік; 
- шығарма мазмұны ғана емес, пішіннің өзгеруі мінез ықпалына 
байланысты болады; 
- Барлық образдарды қазақ болмысына сай жасаған; 
- Түрлі кейіпкерлердің мінезін ашуда диалог пен монологты басты тəсіл 
ретінде қолданған; 
- Ақындар қолданған тілдің көркемдегіш құралдары теңеу, эпитет, 
метафора, метонимия, символ т.б. ойды ықшамды, образды барынша бейнелі 
етіп суреттеуде ерекше қызмет атқарған. 
Келесі міндет өлке əдебиетін оқытудың əдіснамасын, ғылыми-теориялық 
негіздерін, дидактикалық жеке пəндік ұстанымдарын айқындау. Бұл міндетті 
шешу барысында оқытудың жалпы принциптеріне талдау жасай келе, жоғары 
оқу орындарында əдебиетті оқытудың жекелеген принциптерін анықтадық. 
Олар: Әдебиетті сөз өнері ретінде оқыту принципі; көркем шығарманы оның 
пішіні мен мазмұнынының бірлігі негізінде талдау принципі; тарихилық 
принципі; нақты автор шығармашылығындағы дəстүр мен жаңашылдық 
принципі; пəнаралық байланыс принципі; əдебиет тарихы мен теориясының 
негізгі ұғымдарын меңгеру принципі; тарихи-мəдени ақпарат пен рухани-
эстетикалық ұғымдарды түсіну принципі; қазақ тілінде сөйлеудің көркем 


138 
тəсілдерін меңгеру принципі. Аталған принциптерге сипаттама беріліп, 
əдебиетті оқыту əдістемесіндегі орны анықталды. 
Зерттеу жұмысының соңғы міндеті-студенттердің кəсіби қарым-қатынас 
дағдыларын дамытуда оқытудың мазмұндық жəне құрылымдық моделін жасау 
жəне оны оқу процесіне енгізудің тиімді əдістерін жүйелеу. Бұл мəселе ЖОО-да 
əдебиетті оқыту процесін біршама жылдан бері зерделеп, біліп келе 
жатқандықтан, Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік 
мəселелерін теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, оны оқытудың біз 
анықтаған тиімді жолдарымен жоғары оқу орындарының білім беру 
бағдарламаларына енгізсе, ұлттық білім мен ғылымның өркендеуіне үлкен үлес 
қосатынын бірден түсіндік. Сондықтан Сыр сүлейлері шығармаларындағы 
əдеби бейне мен бейнелілікті оқытудың мазмұндық-құрылымдық моделін 
жасап, оны оқу процесіне қалай енгізу керектігі көрсетілді. Соның нəтижесінде
«ЖОО-да Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне дəне бейнелілікті 
оқыту» атты элективті курс бағдарламасы жасалып, силлабусы əзірленіп, оқыту 
үдерісіне енгізілді. Бұл жұмыстардың тиімділігі эксперимент арқылы 
дəлелденді. 
Сонымен қатар ақындар поэзиясындағы суреткерлік дүниетаным 
тұрғысынан поэзиялық туындыларға талдаулар жасалынып, ақындардың 
өзіндік ерекшеліктеріне баға берілді. Соның нəтижесінде ұлттық əдебиетке 
əкелген тың серпін, теориялық бағыт қарастырылды. Төмендегідей мəселелер 
ғылыми шешімін тапты:
- нысанға алынған шығармалардағы ұлттық сипат пен мінез жəне 
көркемдік ойлау формалары жинақталып, жүйеленді; 
- Сыр сүлейлері қолданысындағы көркем бейне дəйегі айқындалып, жазба 
айтыстар мен мысал, дастандардағы Сыр сүлейлерінің көркемдік кестесі, 
бейнелілік нақыштары ғылыми тұрғыдан дəйектелді;
- Сыр өлкесі қаламгерлері шығармашылығын оқытудың дидактикалық, 
жеке пəндік ұстанымдары айқындалды; 
- Студенттердің кəсіби қарым-қатынас дағдыларын дамытуда оқытудың 
мазмұндық жəне құрылымдық моделі жасалып, оны оқу процесіне енгізудің 
тиімді əдістері жүйеленді. 
Алынған қорытындылар мен негізгі тұжырымдар əдебиетті оқыту 
курсында қолданылды, тəжірибеден өткізілді, алынған нəтижелерге сараптама 
жүргізілді. Сондықтан диссертациялық жұмыстың материалдары мен 
нəтижелерін жоғары оқу орындарындағы «Қазақ филологиясы», «Қазақ тілі мен 
əдебиеті» білім беру бағдарламаларында, сондай-ақ, өлке əдебиетін зерттеуде, 
оның 
ұлттық-танымдық 
ерекшеліктерін 
айқындауда, 
ал, 
зерттеудің 
практикалық нəтижесін орта арнаулы оқу орындары тəжірибесінде, 
мұғалімдердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау институттары мен жалпы 
орта білім беретін мектептердің білім беру үдерісінде пайдалануға болады.
Біздің зерттеу жұмысымызда Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби 
бейне мен бейнелілік мəселесі əдеби-теориялық тұрғыда алғаш рет 
қарастырылды. Бүған дейінге көптеген зерттеу еңбектері Сыр сүлейлерінің мол 


139 
мұрасын мұрағаттар мен халық арасынан теріп, жинап, ғылыми орта мен 
көпшілікке таныту болған. Әдеби бейне жасаудағы, бейнелілік пен 
суреткерліктің өткеніне үңілу, бүгінгісін сараптау, болашағын болжау 
тұрғысынан алғанда аталмыш жұмыстың ғылыми салмағы басым деп айта 
аламыз. 


140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет