Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа



Pdf көрінісі
бет49/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

59-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа 
(лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына 
байланысты бұзу тәртібі 
Жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе 
лауазымға тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты, егер 
Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды 
атқаратын адамдарға ақы төленетін өзге лауазымдарда болуға тыйым 
салу белгіленген болса, бұзылады. 
Жұмыскердің жұмыс берушіні хабардар етуі және жұмыскердің 
жұмысқа (лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актісі негіздер 
болып табылады. 
60-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы 
салдарынан еңбек шартын тоқтату негіздері 
Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын 
жалғастыру мүмкіндігін болғызбаса: 
1) медициналық қорытынды негізінде жұмыскердің денсаулық 
жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындауға еңбек 
шарты жасалған; 
2) жұмысты орындауға арналған еңбек шарты адамды белгілі бір 
лауазымдарда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 
айырған заңды күшіне енген сот үкімін немесе қаулысын бұза отырып 
жасалған; 
Тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 23.11.2015 № 414-V 
Кодексінің 204-бабынан қараңыз.
3) шетелдік жұмыскерге жұмысқа орналасуға не шетелдік жұмыс 
күшін тартуға арналған рұқсаттарды белгіленген тәртіппен алмай 
немесе 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында 
белгіленген 
шектеулерді немесе ерекшеліктерді сақтамай, шетелдіктермен және 
азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған; 
4) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде 
белгіленген талаптар бұзыла отырып жасалған; 
5) 
еңбек 
шарты 
осы 
Кодекстiң 
26-бабының 2-
тармағында көрсетілген адамдармен жасалған жағдайларда; 
6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және 
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде 
көзделген басқа да жағдайларда, еңбек шартын жасасу талаптарының 
бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға жатады. 


92 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет