Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау



Pdf көрінісі
бет85/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

 
203-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау 
жөніндегі өндірістік кеңес 
1. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша және (немесе) 
жұмыскерлердің не олардың өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылады. 
Оның құрамына техникалық еңбек инспекторларын қоса алғанда, 
жұмыс берушінің өкілдері, жұмыскерлердің өкілдері тепе-теңдік 
негізде кіреді. 
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік 
кеңестің құрамы жұмыс берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің 
бірлескен шешімімен бекітіледі. 
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік 
кеңесті екі жылда бір рет мерзімділікпен ротациялық негізде жұмыс 
берушінің және жұмыскерлер өкілдерінің арасынан кеңес мүшелері 
сайлайтын төраға басқарады. 
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік 
кеңестің шешімдері жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін міндетті 
болып табылады. 
4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік 
кеңес жұмыс беруші мен жұмыскерлердің еңбекті қорғау талаптарын 
қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын 
алу жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ 
техникалық еңбек инспекторларының жұмыс орындарындағы еңбек 
жағдайлары 
мен 
еңбектің 
қорғалуына 
тексеру 
жүргізуін 
ұйымдастырады. 
Еңбекті 
қорғау 
жөніндегі 
техникалық 
инспекторлардың 
кандидатураларын кәсіптік одақ, ал ол болмаған кезде – 
жұмыскерлердің жалпы жиналысына кемінде үштен екісі қатысқан 
кезде көпшілік дауыспен ұйымның жұмыскерлері арасынан 
жұмыскерлердің жалпы жиналысы ұсынады. 
5. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің 
шешімімен бекітіледі. 
Еңбекті 
қорғау 
жөніндегі 
техникалық 
инспекторлардың 
мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ олардың бақылауды 
жүзеге асыру тәртібі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 
өндірістік кеңестің шешімімен айқындалады. 


140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет