87
бұзу туралы жұмыскерлерді жазбаша хабардар етуге міндетті.
Хабардар ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша жұмыс істелмеген
уақытқа пропорционалды түрде жалақы төлеумен ауыстырылуы
мүмкін. Хабарламада жұмыс беруші еңбек шартын бұзу үшін
негіз
болған себептерді көрсетуге міндетті.
Мынадай:
1) құрылымдық бөлімшенің (цехтың, учаскенің) жабылуы;
2) жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;
3) жұмыскерлердің өкілдерін еңбек шартын бұзу үшін негіз
болған себептерді (жұмыс берушідегі экономикалық өзгерістер мен
еңбек шартын бұзу қажеттілігі арасында тікелей байланыстың болуын)
көрсете отырып, кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ету шарттары
бір мезгілде сақталған кезде осы негіз бойынша еңбек шартын бұзуға
болады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
белгіленбесе, осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында
көзделген
негіз
бойынша
еңбек
шартын
бұзу
құрамына
жұмыскерлердің өкілі қатысуға тиіс
аттестаттау комиссиясының
шешіміне негізделуге тиіс.
Жұмыскерлерді аттестаттауды жүргізу тәртібі, талаптары мен
кезеңділігі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде
айқындалады.
4. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында
көзделген
негіз
бойынша
еңбек
шартын
бұзу
Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылатын
емтихан комиссиясының шешіміне негізделуге тиіс.
5. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында
көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу үшін
жұмыскердің осы
жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін денсаулық жағдайы
салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына
сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
6. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 8), 9), 10), 11), 12),
13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген негіздер
бойынша еңбек шартын бұзу осы Кодекстің 65-бабында көзделген
тәртіптік
жаза
қолдану
тәртібі
және
осы
Кодекстің 66-
бабының талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
7. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 9) және 10)
тармақшаларында көзделген негіздер
бойынша еңбек шартын бұзу
медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
Жұмыскерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді
жұмыс беруші уәкілеттік берген адам қабылдайды. Жұмыскер
медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан жағдайда тиісті акт
жасалады.
88
8.
Осы
Кодекстің
52-бабы
1-тармағының 20)
тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға
жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсынғаннан кейін
жол беріледі.
9.
Осы
Кодекстің
52-бабы
1-тармағының 24)
тармақшасында көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға еңбек,
ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде
айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып, жұмыскер
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"
Қазақстан
Республикасының
Заңы
11-бабының 1-
тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, еңбек
шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай қалғанда жұмыскерді
хабардар ете отырып жол беріледі.
10. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 25) тармақшасында
көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыс беруші
жұмыскерге болмағаны туралы актіні хабарламасы бар хатпен жіберген
күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыскер болмау себептері
туралы ақпаратты ұсынбаған кезде жол беріледі.
Ескерту. 53-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-
V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: