Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны



Pdf көрінісі
бет58/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

78-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны 
1. Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі 
сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) 
қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. 
2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан 
және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. 
3. Үстеме жұмыстардың шекті санын шектеу осы Кодекстің 77-
бабы 2-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген 
жағдайлардағы жұмыстарға қолданылмайды. 
79-бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізу тәртібі 
1. Жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген жұмыс 
уақытын есепке алуды жүргізуге міндетті. 
2. Жұмыскер жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақыт есепке 
алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгі уақыттағы, 
демалыс, мереке күндеріндегі жұмыстар, іссапар күндері бөлек есепке 
алынады. 
3. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргізудің нысаны мен тәртібі 
жұмыс берушінің актісінде айқындалады. 
4. Жұмыскердің жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан 
тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс беруші нақты 
уақытпен тіркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл 
кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында 
белгіленген жұмыстар көлемін орындау ретінде белгіленеді. 
7-тарау. ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ 
80-бап. Тынығу уақытының түрлері 
Тынығу уақытының түрлері: 
1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер: 
- тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс; 
- ауысымішілік және арнайы үзілістер; 
2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу; 
3) демалыс күндері (вахтааралық тынығу); 
4) мереке күндері; 
5) демалыстар болып табылады. 
81-бап. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс 
1. Жұмыскерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде 
тынығуға және тамақтануға арналған, ұзақтығы жарты сағаттан кем 
болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс. 


101 
2. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның 
ұзақтығы еңбек тәртіптемесі қағидаларында, еңбек, ұжымдық 
шарттарда белгіленеді. 
3. Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс уақыты жұмыс 
уақытына қосылмайды. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру 
мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші жұмыскерді жұмыс 
уақытында арнайы жабдықталған орында тынығу және тамақтану 
мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мұндай жұмыстардың 
тізбесі, тынығудың және тамақтанудың тәртібі мен орны ұжымдық 
шартта немесе жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет