Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-сурет – Жұмыс ауысымы кезінде қызметкерлердің жұмыс  қабілеттілігінің төмендеу мерзімдері  1.5 Әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегі



Pdf көрінісі
бет7/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

 
1-сурет – Жұмыс ауысымы кезінде қызметкерлердің жұмыс 
қабілеттілігінің төмендеу мерзімдері 
1.5 Әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегі 
Жұмыс істейтіндердің жалпы санының жартысынан астамын 
әйелдер құрайды. Әйелдер еңбегі, оларға демалыстар және әр түрлі 
жеңілдіктер ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында 
ерекше регламенттеледі. Атап айтқанда, Еңбек кодексіне әйелдер 
еңбегін ауыр дене жұмыстарында және зиянды немесе қауіпті еңбек 
еңбек жағдайларында, ал жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың 
еңбегін түнгі және үстеме жұмыстарға пайдалануға тыйым салынған.
Жүкті әйелдер медициналық қорытынды негізінде орташа 
жалақысы сақтала отырып, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік 
факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауыстырылады. 
Іссапарға 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер жіберілмейді. Егер 
әйелдердің еңбек міндеттеріне көтеру, тасу немесе ауыр заттарды 
жылжыту кірсе, онда олардың салмақтары шектеледі (қосымша В). 
Заңнамаға сәйкес 16 жасқа толмаған (жасөспірім) тұлғаларды 
жұмысқа алуға тыйым салынған. Кей жағдайларда мекеменің кәсіподақ 
ұйымының келісімімен 15 жасқа толған жасөспірімдер жұмысқа 
кабылданады. Бұдан басқа, жұмысқа қабылдау алдында барлық 
жасөспірімдер міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді және 


14 
медициналық комиссия рұқсатымен ғана жұмысқа қабылдануы мүмкін. 
Одан әрі 18 жасқа толғанға дейін медициналық тексеруден жыл сайын 
өтіп тұрады. 
Он сегіз жасқа толмаған (жасөспірім) жұмыскерлердің еңбегін 
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті ,
түнгі және үстемелі жұмыстарды атқаруға заңнамамен шектеу 
қойылған. Бұл санаттағы жұмыскерлер жыл сайын ұзақтығы бір ай 
көлемінде қарастырылған еңбек демалысын жылдың кез келген айында 
ала алады. Жасөспірімді жұмыстан босату үшін мекеме әкімшілігі 
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиясының рұсатын 
алуы тиіс. Жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) үшін ауыр заттарды 
жылжыту және көтеру нормалары төмендетілген. Бірақ еңбек құқық 
бұзушылық кезінде жасөспірімдер ересек қызметкерлермен қатар 
толық жауаптылықта болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет