125
қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор және мемлекеттік
энергетикалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыратын
лауазымды адам;
2) қатты улану жағдайында – халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның
өкілдері;
3) басқа ұйымның аумағында орналасқан және жұмыс жүргізіп
жатқан ұйымның жұмыскерімен немесе өндірістік тапсырманы
(қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға
жіберілген жұмыскермен болған, еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиға кезінде – аумағында жазатайым оқиға болған
ұйымның жауапты өкілі.
7. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап
шеккен адаммен тиісті шарттық қатынастары бар сақтандыру
ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
8. Жұмыс беруші жеке тұлғада болған еңбек қызметіне
байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс беруші
немесе оның уәкілеттік берілген өкілі, жұмыскерлердің өкілі,
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де тартылуы
мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
9. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу
үшін арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ғылыми-
зерттеу ұйымдарының және бақылау-қадағалау органдарының
мамандары арасынан сараптамалық кіші комиссияларды жұмыс
берушінің қаражаты есебінен құруға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: