Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері



Pdf көрінісі
бет81/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

194-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері 
Мемлекеттік еңбек инспекторлары: 
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын 
бақылауды жүзеге асыруға; 
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын 
тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге; 
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған 
бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында 
осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың 
өкілдерін) хабардар етуге; 
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану 
мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің 
өтініштерін уақтылы қарауға; 
5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп 
соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және 
бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар 
беруге; 
6) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеруге қатысуға; 
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды 
және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге 
бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға; 
8) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған 
мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен 
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; 
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану 
мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге міндетті. 
195-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері 
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған 
бұзушылықтарына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы төмендегідей 
актілер шығарады (жасайды): 
1) мыналар: 
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын 
бұзушылықтарды жою туралы; 
жарақаттану қаупі бар және авариялық ахуалдардың туындауын 
болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ 
өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 
жөніндегі профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы; 
жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс 
орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда 
ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама. 


134 
Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы 
акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады. 
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама; 
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді 
тоқтату туралы қаулы; 
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы; 
5) мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы. 
2. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер 
мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек 
заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудің құқықтық 
шаралары болып табылады. Актілер екі данада жасалады, оның біреуі 
қол қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады. 
3. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері лауазымды 
адамдардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 
4. Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек 
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет