Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі сәйкестендіру мәселесі



бет14/32
Дата17.10.2023
өлшемі224,81 Kb.
#117440
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
Байланысты:
Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну-emirsaba.org

18. Жаһандану және этно-аймақтық мәдениеттердің өзін-өзі сәйкестендіру мәселесі.
Жаһандану (латын тілінде «globus» – шар) қазіргі әлемнің барлық салаларының және экономикалық және саясидан бастап әлеуметтік және мәдениге дейін, топтық, таптықтан бастап ұлттық, мемлекеттікке дейін өзарақатынастарды қамтиды. «Жаһандану» (орыс тілінде «глобализацияң, ағылшын тілінде «globalіzatіonң) терминін алғаш рет 1983 жылы американ экономисі Т.Левитт «Harward Busіness Revіew» журналында ұсынған болатын. Ол жаһандануды трансұлттық корпорациялардың жеке-жеке өнімдер нарығының бір арнада қосылу феномені деп түсіндірді. Жаһандану процесі және жаһандану заман уақыты белгілі бір кеңістікте – жаһандану кеңістігінде өз функцияларын атқарады. Яғни, белгілі бір процесстің-қозғалыстың жүретін белгілі бір кеңістігі болады, сондай-ақ уақыттың да өзінің алып отырған кеңістігі бар. Жаһандану процесін екі жағдаймен қарастыру:
1. Жаһандану әр түрлі мемлекеттер мен халықтар, адам баласының ғылыми және технологиялық мүмкіндіктерінің өзарабайланысы, өзара әрекет етуі және өзара тәуелділігінің артуымен байланысты қазіргі өркениеттің объективті үрдісі;
2. Жаһандану өркениетті дамудың неолибералдық модель негізінде көптүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді унификациялайды, яғни жаһандану процесін қазіргі өркениетке әкелетін қауіп-қатер деп қабылдау.
Қазіргі әлем өз дамуының жаңа кезеңіне енді. Осындай тұжырымның негіздері көз алдымызда: біз әлемдік қауымдастықтың геосаяси құрылымдарындағы терең өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени жүйелердің ақпараттықкоммуникациялық революциялардың ықпалы мен трансформациялануы барған сайын үдеп барады. Халықаралық байланыстар мен қатынастардың кеңеюі және тереңдеуі, жер шарының нақтылы бір нүктесінде немесе бір аймағында болып жатқан оқиғалардың, барлық басқа халықтар мен елдердің тіршілігіне әсер ететіндігіне әкеледі, яғни бұл оқиғалар жалпы әлемдік, жаһандық сипатқа ие бола алады. Бүкіл адамзаттың ортақ мәселелері бола бастап, қоғамның мәселелері жеке мемелекет шектерінен шығады. Ақпараттық қоғамды құру, жаһанданудың әсерлерін басқару мәселелері оларды сезіну, түсіндіру және тиімді түрде шешу мүмкіндіктері үшін дәстүрлі емес ұстындарды белсенді іздеуді талап етеді. Басты мәселелердің қатарында мойындалғандары: Жердегі ауа-райының өзгеруі, дәстүрлі этикалық бастаулардың жоғалуы, халықаралық жүйенің тиімсіздігі. Жаһанданудың теріс жақтарына қоғамның ашықтығы мен коммуникацияларын озық технологиялары Жер шарының тұрғындарын терроризм, нашақорлық, қылмыс, індеттер, этникалық және нәсілшілдік жанжалдардың таралуы алдында қорғаусыз қалдыруы да жатады. Жаһандану замандық әлеуметтік, мәдени дамуға күшті толқу береді және адамзат сол мәселелермен танысқаны кеше емес. Өзара қатынастың күрделі жүйесіне енуі этномәдени идентификациясының жаңа синтетикалық формасынының қалыптасуына алып келетін мақсат халықтардың өзара тәуелділігінің және әлемдегі мәдениеттің өсуі, олардың мәдени және әлеуметтік егемендігімен бірге өмір сүреді. Қарама-қарсы жағдайда ақпараттық ұялардың дамуы арқылы мәдениеттердің бір типінің құндылығын басқалардан жоғары бағаланып, экономикалық халықаралықтандыру және басқа жолдардың формасынының таралуы мен өмір сүру тәсілдері барлық әлемдік бірлестіктерге байланып тұрады, шын мәнінде этномәдени әртүрліліктің төмендеуіне және ұқсастығына алып келуі мүмкін. Жаһандану үрдістеріне енуде әрбір мәдениет және әрбір этнос өз әдісін және өз ырғағын жасап шығарады. Өзін жалпы әлеуметтік ретінде сақтаудың жергілікті мәдени өзіндік ерекшелігін келесі мәселенің шешушісі ретінде интеграциялық белсенділік және ашық жағдайда бейімделу болып табылады. Құндылықтардың жаңа қалыптары мен үлгілерін қалыптастыру мәселелері, адам ісәрекеті мотивациясының өзгеруі, әлеуметтік еңжарлық пен тоғышар көзқарастарды қарастыру саяси және экономикалық қайта құрылудан күрделірек мәселе болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет