Байланысты: 5 апта Саяси мәдениет, саяси мінез-құлық және саяси қатысу. ҚР тұрақт... қамтамасыз ететін стратегиялары мен модернизация бағдарламалары
Курбанбай Сағындық
5 апта. Саяси мәдениет, саяси мінез-құлық және саяси қатысу. ҚР тұрақты дамуын қамтамасыз ететін стратегиялары мен модернизация бағдарламалары 1 тапсырма.
АҚШ-тың саяси мәдениеті.
Бүгінгі күні «Саяси мәдениет» терминінің әлеуметтік мазмұны күрделеніп барады. «Саяси мәдениет» деген терминді бірінші болып Американың Алмонд деген саясаттанушы ғалымы айналымға енгізген еді. Алмондқа жүгінсек, тарихи тәжірибе, әлеуметтік қоғамның жадысы мен саясат алаңындағы адам мен оның саяси өмірге ықпалы, саяси әрекеттерге қатысты ұстанған бағыты саяси мәдениет деген ұғымды білдіреді. Саяси мәдениетті адамдардың саяси объектіге психологиялық қатынасының жиынтығы дей келе, саяси мәдениет түрлерін патриархтық, бодандық және қатысу саяси мәдениеті деп бөледі [1-142]. Ал Ресейдің танымал саясаттанушысы А. С. Панарин америкалық саясаттанушылар Г. Алмонд пен С. Верба ұсынған саяси мәдениет түрлерін бүгінгі күн талабына сай емес деп есептейді. Себебі, ол дүниежүзілік мәдениеттерді өзіне тартып отырған қазіргі заманғы әлем шындығын елемейді және алдын-ала болжауға көнбейтін болашақ қоғамның талаптарына лайықты баға бермейді деп санайды. Осыған орай А. С. Панарин саяси мәдениеттердің әмбебап, қазіргі заманғы бүкіл адамзатты, құрлықтар мен елдерді қамтитын жаңаша түрлерін ұсынады, олар - экономико-центристік, социоцентристік және этноцентристік [2-328-330]. Осылайша, А. С. Панарин жаңа саяси мәдениеттің басты ұстанымы: «әлеуметтік жеке іс-әрекетке, төмендегілердің саяси шығармашылығына негізделетін әлеуметтік қорғаудың азаматтық идеясы» болуы тиіс деп тұжырымдайды [2-377].
Америкада қызмет еткен ұлты орыс, дүниежүзіне белгілі экономист Кондратевтің экономиканың циклді дамуы жөніндегі теориясы бар. Оның негізі мәні әрбір экономикалық жүйенің даму, өрлеу, біркелкі даму және құлдырау фазалары болатынына келіп тіреледі.. Осы теорияны саяси мәдениет тұрғысынан саралауға болады. ХХ ғасырдың екінші жартысында экономикада, саясатта, мәдениетте, либералды бағыт үстем болды. Жалпы капитализмнің негізінде классикалық либерализм жатыр. Либерализм қағидалары айрықша әлеуметтік топтардың мүдделерін көздейтіні жасырын емес. Алайда бүгінгі таңда либерализм ережелерін жаңарту, яғни мемлекет тарапынан белгілі бір реттеу шараларын жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Капитализмнің алпауыты болып табылатын Американың өзінде бірнеше компаниялар мемлекет меншігіне өтті. Дүниежүзінің өнеркәсібі мен аса ірі шаруашылық салалары түптеп келгенде мемлекеттік капитализмге ауысып жатыр. Дүниежүзілік қаржы гроссмейстері Джордж Соростың өзі «капитализмнің аяқталуы» туралы пікір білдіре бастады. Осындай өзгерістер саяси мәдениетке де үлкен әсерін тигізеді. Дүниежүзілік қоғамның дамуы көпшілік мүддесіне сай және уақыт талаптарына жауап бере алатын саяси бағдарларды таңдау мәселесін күн тәртібіне қоюда.
Демократияның отаны саналатын Батыс тәжірибесіне қарайтын болсақ, АҚШ-тың саяси өмірінде билікке алма-кезек келіп отыратын екі партиялық жүйе қалыптасқан. Олар саясат шегінен шығып, экономикалық, әлеуметтік, отбасылық және басқа да салалардағы көкейкесті мәселелермен де айналысады. Бірақ сыртқы саясатта, адамзат қауымдастығы мүдделері мен мәдени құндылықтары аясында бұл екі партия бірін-бірі ешқашан жоққа шығармайды.