Байланысты: Адам және жануарлар морфологиясы физиологиясы
Ой еңбегі
Ғылыми-техникалық дамудың салдарынан ой еңбегімен шү-рылданатын адамдардың саны кебеюде. Сонымен қатар көптеген Кол еңбегі бар кəсіптерде де ой əрекетінің үлесі артуда. Ой ен,бе-гінің қатарына ақпаратты қабылдайтын жəне өңдейтін сезім жү-йесі, ықылас, зерде, ойлауды жəне эмоциялық күйді айырықша ынталандыратын жұмыстар жатады.
Қазіргі көптеген кəсіптер жылдам қаркынды, əртүрлі жəне мол ақпараттарға қысқа мерзімде тиесі шешімді тез қабылдауды талап етеді. Осының бəрі шамадан тыс зорлану тудырады, сөйтіп журек-тамыр жəне жүйке ауруларына жиі шалдықтырады.
Бүгінгі өндірістерде ой еңбегінің мынадай топтары жіктеледі. операторлық, басқару (мекеме басшылары, мұғалімдер, оқыту-шылар), шығармашылық (РЫЛЫМИ қызметкерлер, сəулетшілер, жазушылар, артистер, суретшілер т. б.), медицина қызметкерлері-нің жəне оқушылар мен студенттердің еңбегі.
Ой жұмысымен айналысатын .адамдарда жүрек-тамыр ауыт-қуларын тудыратын көптеген қатерлі түрткілердің ішінде өте
елеулісі көтеріңкі эмоішялық зорланушылық, гипокинезия, темекішегу, салмақтың артуы, тектік (генетикалық) бейімділік болып
саналады.
Ой еңбегінің ерекшелігі сол, мұнда ми реттеушілік кызметпен бірге жұмыскер мүше болып есёптеледі. Сондықтан оның ықпалы
ен əуелі орталық жүйке жүйесіне тиеді. Ой жұмысының нейрофи-зиологиялық тетіктері И. М. Сеченов, И. П. Павлов, А. А. Ухтом-ский, П. Қ. Анохин жəне Н. П. Бехтереваның еңбектерінде айқын керсетілді. Бұл еңбектер бойынша, ой еңбегінің негізін жоғары дəрежелі жүйке қызметі мен психикалық əсерленістер құрайды, Олар тиісті əрекеттік жүйелерді белсендіреді. Оған мидың арна-малы (талдағыштық) жəне бейарнамалы құрылымдары қатыса-ды.
Қажу
Қажу — жұмыс салдарынан жəне қайта қалыптасу проиестері-нің жеткіліксіздігінен туатын жағдай. Ол жұмыскерліктің төмен-деуі реттеуші механизмдер мен жүйелердің, ағзалардың өзара əрекетуестігінің бүзылуы жəне шаршау түйсігі арқылы сипатта-лады.
Қажу жұмыс кезінде организмді əлсіретпеу жəне оны əсіре зорланудан сақтау əрекеттерін жасайды. Сонымен бірге ол орга-низмнің қосалқы мүмкіндіктерін іске қосып, жұмыскерлікті көте-ретін қайта қалыптастыру процестеріне өте зор ықпалын тигізеді.
Қажу дене жəне ой еңбектерінде пайда болады. Ол жіті (қыс-қа мерзімде туады) жəне созылмалы (ұзақ мерзімде — айлар неме-се жылдар бойы) əртүрлі əрекеттік жүйелер мен тұтас организмде байқалады. Қажу жалпы жəне жергілікті болып бөлінеді. Жалпы қажуда тұтас организмнің əрекеттері өзгереді, ал жергілікті қа-жуда, кейбір бүлшықеттердің, жеке талдағыштың т. б. қызметі төмендейді.
Қажу орталық жүйке жүйесінің реттеуші əрекетінің бұзылуы-нан пайда болады. Қажуды зерттеудің алғашқы кезеңдерінде, оны жергілікті тек етте болатың құбылыс, ол энергия қоры таусыл-ғандықтан, қалдық өнімдермен еттің улануынан болады деген қаридалар болды. Оны бүлшықет қажуының гуморальдықтеория-сыдеп атады. Алайда қажу физиологиясында оның нейрогендік қағидасы кеңінен тарады. Бұл қағиданың негізін қалаушы И. М. Сеченов. Ол өзінің эргографиялық жұмыстары арқылы бел-сенді тынығу феноменін ашьгп, бүлшықет жұмысжерлігінің тө-мендеуі жүйке орталығына байланысты, екенДігщ кереетті. Се-ченовтың бұл көзқарасы басқа физиологтардың еңбегінде одан əрі дамыды.
Н. Е. Введенский мен А. А. Ухтомокийдің зерттеулері брйын-, ша, қажу орталық тежелуден жəне жұмыс əрекетінің үйлеспеу-
шілітінен шығады, Л. А. Орбели жəне 'оның шəкірттері қажуды жүйке орталығына' əсер ететін шашьграцқы вегетативтік əсерле-ністерден туады деп санады.
Соңғы жылдары адам бүлшықетінің ^қажуын түсіндіру үшін .. ми қыртысы теориясы ұсьшылды. Бұл теория бойынша, қажуға орталық жүйке жүйесінің күйі (эмоция, сезу тітіркендіргіштері, белсенді тынығу, автоматты қимылдар т. б.) зор ықпалын тигі-зеді. Өйткені қажудың орталық механизмдері ми қыртысы деңгейінде тұйықталатындығы көрсетілді. Қажу кезіндегі жұмыс-керліктің динамикасы қозғалыс талдағышының тежелуші . эле-менттерімен байланысты. Жұмыстын, бастапқы кезеңінде жоғаіры өрлейтін серпіністер қозғалыс талдағышының орталығын сергі-теді, оның желігу қабілетін арттырады. А. А. Ухтомскийдің айту-ынша, жүйке орталығының нəрленісі (трофикасы), ширақтығы көтеріледі, ол ырғаққа үйрену деп аталады. Жұмыс үстінде , бұрынғы қалпыва келу белсендіріледі, ол іс-əрекеттің физиоло-гиялық ырғағын жеделдетеді.
Нейрофйзиологиялық зерттеулер торлы күрылымлың жоғары жүйке орталықтарын сергітетін, яғни жеңілдеткіш ьгқпалын көр-сетті. Қажу кезіндегі ми қыртысы орталықтары жұмыскерлігінің темендеуі тек мүмкіндік қарының азаюымен ғала емес, оларда туатын тежелу процестеріне байланысты. Олар өзара шиеленісіп, жүйке орталығыньгң ширақтығыв, ЯРНИ '&рекеттер; көрінісін əлсі-ретеді.