Қозу дегеніміз — тиісті адекватты тітіркендірудің күші мен əсер ету ұзақтығы жеткілікті болған жағдайда клетка мен тканьдегі зат алмасу процесі өсе келе сапа-лы жаңа деңгейге жеткенде олардын, өздеріне ғана тəн спецификалық активті реакция керсетуі- Қозу қозғыштыққасиеттің арқасында іске асады. Қозғыштығын жо-
дықтан қозғыштықты тірі құрылымдардын, тірілігін көр-сететін негізгі қасиет деп түсіну керек. Қозғыштық қасиет арқылы түрлһпе клеткаларды, тканьдерді, орган-дарды өзара салыстыруға болады. Қозғыш құрылымдар-да қозудың сыртқы керіністері əр түрлі болады. Мəселен еттің қозуы оның жиырылуынан, эпителий клеткаларын-дағы қозу секрет бөлуден, ал нерв клеткаларындағы қозу олардың электрлік күйінің өзгерістерінен көрінеді.
Адам денесіндегі бірнеше жүздеген триллион клеткалардьщ əр қайсысының құрылысы мен қызметі, өзін- өзі реттеу мүмкіншіліктері біркелкі болмайды жəне клеткалардың өзара қарым-катынасы, функциональдық жүйелердегі ағзалар мен тканьдердің байланысы, бір-біріне көрсететін көпжақты əсерлері де əртүрлі. Сондықтан бел-гілі бір қысқа мерзім м. секунд, минут арасында клеткалар мен тканьдерде, жүйелерде сансыз, түрлі-түрлі күрделі процестер өте-ді. Олардың бір-бірімен қосылуы, жалғасуы жəне керекті бағытта өтуі организмде ақпараттардың пайда болып таралуына байланыс-ты. Ақпарат клетканың өзінде немесе сыртқы жəне ішкі ортанын əсерінен туады. Бұлардын, кебі орталық жүйке жүйесіне жеткізіле-ді де қайта қаралады, өңделеді жəне жауап ретінде əрекет сер-піністері түзіледі. Олар жүйкелер арқылы кері қарай клеткалармен ағзаларға жеткізіледі. Əр жүйенің элементтері мен клеткалары ара-сында ақпараттар алмасуы үзілмейді.
Ақпараттардың таралуы Ақпарат үш түрлі жолмен таралады.
1. Біріншіден, бір клеткадан екінші клеткаға олардың тү-йіскен жерінен тікелей етеді.
2. Екіншіден, хабарларды қан мен лим-фада жəне клеткааралық сұйықтықта еріген заттар жеткізеді
3. Үшін-шіден, ақпараттың ең тез таралу жолы — электрлік сигнал түрінде яғни жүйке серпіністері (импульстері) арқылы керекті хабарларды бұлжытпай шеткі ағзалардан орталық жүйке жүйесіне одан қайта шеттегі ағзаларға жеткізу. Ақпараттың электрлік сигнал түрінде таралуының басқа да қатысу жолдарынан тағы бір артықшылығы сигналды белгілеуге (кодтауға) болатыны. Көп клеткалы организм-де кодталған ақпараттарды қабылдау, талдау, сақтау, беру, кере-гінде еске түсіруді қамтамасыз ететін арнайы жүйе өріс алды. Ол жүйеге əсіресе адам баласының даму жолында ең жоғары сатыға жеткен жүйке жүйесі жатады.