Курс: 1 Мамандықтар: Жалпы медицина, стоматология


Құрастырған Магистр, аға оқытушы Токтыманова Г.М.  БИЛЕТ №11



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата19.03.2023
өлшемі252,83 Kb.
#75493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
А2 деңгейі РК 1 Билеттері

 
Құрастырған Магистр, аға оқытушы Токтыманова Г.М. 


БИЛЕТ №11 
Аралық бақылау №1, 2 семестр, 2022-2023 оқу жылы 
Пәні: Қазақ тілі, А2 деңгейі 
Курс: 1 
Мамандықтар: Жалпы медицина, стоматология, 
қоғамдық денсаулық сақтау 
Тапсырма №1. Етістіктерді ауыспалы өткен шаққа айналдырыңыз. 
Мен есік алдындағы орындықта отырмын. Балалар далада футбол ойнады. Анам 
тамақ пісіріп жатыр. Інім жазу жазып отыр. Біз кітап оқып отырмыз. Ол театрға 
барады. Менің ағам кеш ұйықтайды. Ол ылғи емтихан тапсырады. Алмас аулады 
кілем қақты. Жеңіс көлігін жуып жатыр.
Тапсырма №2. Биыл жазда Қазақстанның демалыс орындарының біріне ата-
анаңызды демалдырғыңыз келеді. Ойыңызды іске асыру үшін қандай жоспар 
құрасыз? 
Тапсырма №3. Мәтінді оқып, жатыс септігінде тұрған сөздерді табыңыз. 
Отандық өндіріс 
Осыдан 10 жыл бұрын елімізде индустриялық-инновациялық дамытудың 
алғашқы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол алғашында әлемдік 
экономикадағы дағдарысқа қарсы шара ретінде басталып, еліміздің өңдеу 
өнеркәсібін дәйекті түрде дамытудың тиімді құралына айналды. Содан бергі 10 
жыл ішінде отандық өнеркәсіп саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. 
Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламалары 
аясында 1250 жоба іске қосылды. 195 мыңдай жұмыс орны ашылды, оның ішінде 
120 мың тұрақты, 75 мың уақытша жұмыс орны, деп хабарлады ИИДМ. 
Қазақстанда бұған дейін өндірілмеген 500-ден астам өнім түрі шығарыла 
бастады. Өңдеу секторының өнеркәсіп құрылымындағы үлесі 2009 жылы 32% 
болса, 2018 жылы 38% жетті, ал инвестициядағы үлесі 17%-тен 19%-ке артты. 
Өндіріс көлемі нақты көрсеткіште 42,3% артты. Өсімге ең үлкен үлес қосқан 
салалар: металлургия өнеркәсібі (42%), азық-түлік өндірісі (13,7%), машина 
жасау (10,7%) және құрылыс материалдары өндірісі (10%). Осы кезеңде отандық 
экономикаға 32 млрд АҚШ долларынан астам тікелей шетел инвестициясы 
тартылды.
Кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., Дуйсембекова Л.С. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет