МІНЕЗДЕМЕ
Алматы қаласы, №42 ЖББМ КММ 5 «ә» сыныбына 2023 оқу жылының 23-ші қаңтар мен 13-ші мамыр аралығында сабақ өтті. 5 «ә» сынып оқушыларынын жалпы саны 24 , оның ішіндегі 12-ұл, 12- кыз. Сыныптары оқушылардың барлығы өте жаксы оқиды, олардың ішіндегі ең үздік оқушылар: Болат Нұржан, Ерболатұлы Сұлтанбек . Оқушылардың ұстаздармен деген қарым - қатынасы өте жақсы. Ұлдар қыздарға деген құрметті жақсы біледі және қыздарды құрметтейді. Сыныппен жумыс істеу барысы мен үшін оңай болды деуге болады. Өйткені, оқушылар айтылган тапсырмаларды дұрыс түсініп жауапкершілікпен қарайды. Топ басшысы мен сынып белсенділерінің айтқаны орындалып, сабаққа белсене атсалысады. Топ ішінде түрлі жарыстардың жеңімпаздары бар. Олар көбінесе білімдік сайыстарына қатысып жүлделі орындар алған. Басқа да пәндер бойынша жүлделі орын алған оқушылар өте көп. Сынып оқушыларына әрқашан сенім білдіруге болады. Сынып оқушыларының білім сапасы да өте жаксы және қоғамдық жерде өздерін дұрыс ұстай біледі.
Студент-практикант: _____________________ Сандыбаева Жансая
Жетекші мұғалім: _____________________ Құрманбекқызы Меруерт
№42 жалпы білім беретін мектебінен
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
Физика, математика және цифрлық технологиялар институты
Информатика кафедрасы
Информатика білім беру бағдарламасының
1 курс студенті
Сандыбаева Жансаяның
ЕСЕБІ
Мен,Булкунбек Динараға информатика пәнінен 2023 жылы 23 қаңтардан 13 мамыр аралығында Алматы каласы, №42 жалпы білім беретін мектебінен үздіксіз практикадан өттім. Болашақ педагог ретінде - мектеп бағдарламаларымен, материалдық-техникалық базасымен, мектеп үкімімен, жалпы мұғалімнің мақсаты, міндеті, қағидаларымен таныстырылым жүргізу үшін тәжірибе жетекшісі ретінде информатика пәнінің ұстазы Құрманбекқызы Меруерт жетекшілік ретінде бекітті. Мен практика өтетін сынып ретінде 5«ә» сыныбы бекітілді.
Алғашкы күннен-ақ жетекшім, сабақ кестесін беріп, оқушымен қалай жұмыс жасау керек екенін айтып түсіндірді. Сыныпты алғаш көруім болғандыктан, программалау тілін ақырындап түсіндіре бастадым. Сыныптағы әр оқушының қабылдауы әр түрлі болғандықтан тақырыпты қарапайым тілде, түрлі көрнекілікті пайдалану арқылы түсіндіруге тырыстым.
Практиканың үш қүнінде артта отырып оқушыларды бақыладым, пән мұғалімінің сабақтарына қатыстым. Практикадан өту барысында информатика пәнінен 15 апта аралығында 8 сағат сабақ өткіздім. «Санды енгізу және шығару»; «Құрамдық шарттарды программалау»; « Сызықтық алгоритмдерді программалау»; « Тармақтарға бөлу» тақырыптарын оқушыларға жетік игеруіне жағдай жасап, есеп шығарту барысында оларды шыңдай түстім. Практиканың 2-ші аптасында 5«А» сыныбына «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. 1-ші аптада 5«А» сыныбына психологиялық тесттер, тренингтер жүргізу арқылы оларды одан әрі жақын тани алдым.
Сонымен қатар өз сыныбымда педагогикалық-психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздім, нәтижесінде жеке оқушыға және сынып ұжымына мінездеме жазылып, оқушылардың таным процестері зерттелді.
Ойымызды қорыта келе, педагогикалық практика менің кәсіби қалыптасуымның негізі болып, болашақ мамандығыма деген ынта-ықласымды және қызығушылығымды арттырды, практиканың мәні мен маңызы өте зор болды.
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Рас! Жалған!» әдісі қолданылып, жана такырып тусіндірілді және «Венн диаграммасы» аркылы оқушылардан түсініктеме алынды.
Жоспар бойынша жетекшім Меруерт апаймен электрондык журнал KUNDELIK.KZ түсіндірмесін жасадык. Баға қойылатын парақшаны, үй тапсырмаларын қалай еңгізу керегін түсіндірді. Алда болатын сабақтарға қандай әдіс-тәсілдерді қолдану ыңғайлы, оқушыларды қалай қызыктыруға болатыны жайында ақпараттармен бөлісіп, кеңес берді.
Студент-практикант: _______________ Сандыбаева Жансая
№42 жалпы білім беретін мектептің
5 «Ә» сыныбында оқитын
Сапарғали Мейірім
Достарыңызбен бөлісу: |