Жеті ата - ғұрып. Әр адамның жеті атасын білу парыз. Ол көргенділік пен білімділікті білдіреді. Қазақ жеті атасын білмесе «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөгеді. Жеті атаға: өзі, әкесі, атасы, бабасы, бабасының әкесі, оның әкесі, бабасы және оның әкесі. Қазақта «жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген мәтел бар. Жеті-ежелгі атау. Оның бір мағынасы апта. өлген адамның жетісі беріледі. Тағы да басқа мағыналары кездеседі.
Дүре салу - жазаның масқара, ең ауыр түрі. Жазалының құйрығын түріп қойып, қамшыны суға салып, 25, 0, 75, 100 рет дүре соғу. Мұндайда қамшы 4, 8, 16, 32 өрме де болуы мүмкін. Оны би анықтайды. Дүре салу кезінде адам өліп кетсе, кұны сұралмайды. Дүре саны мен өрме санына зейін аударсақ, әуелі сан екі есе артып отырады. Бұл арифметикалық қатар мүшелері.
Зекет жинау - VI ғасырдан бері келе жатқан салық түрі. Мал өнімнен, табысынан берілетін зекет шамасы мынандай: 40 қойдан 1 қой, бес түйеден 1 түйе, отыз сиырдан 1 сиыр беріледі. Егер табысың болмаса зекет жиналмайды. Сонымен, табысыңның қырықтан бір бөлігі зекет деп аталады.
Тоғыз - тақ сан. Тоғызға байланысты қазақ арасында түрлі өлшемдер туған. Соның бірі-айып өлшемі. Ел арасында ас бергенде, дау-шарада бір тоғыздан үш тоғызға дейін төленетін зат болған. Ол түйе бастаған 8 жылқы, жақсы ат бастаған сегіз үсақ мал, 8 сом күміс бастаған ақша. Қыз жасауы да тоғыз шапан, тоғыз ішік, тоғыз бешпет, тоғыз білезік, тоғыз көйлек т.т түрінде болған.
Бес жақсы - қалыңмал төлеуі. Бес жақсыға түзу мылтық, берік сауыт, бәйге ат, қамқа тон, оқалы камзол, шағи шапан, күміс ер-тұрман береді.