Курс бойынша қорытынды тапсырма ҚҰрылымдалған эссе құрметті тыңдаушы!



Дата07.01.2022
өлшемі18,13 Kb.
#17361
Байланысты:
Эссе


Курс бойынша қорытынды тапсырма

ҚҰРЫЛЫМДАЛҒАН ЭССЕ

Құрметті тыңдаушы!

Құрылымдап ойлау – бұл уақыт пен күш-жігерді қажет ететін және кез келген адам меңгере алатын дағды. Ал эссе жаза білу – бұл өмірдің барлық саласында, соның ішінде басшылық қызметте таптырмайтын маңызды дағды.

Эссе жазу дағдысы ойды реттеп, құрылымдап жеткізуге көмектеседі. Ал бұл өте маңызды, өйткені Сіз қабылдайтын ақпараттың ауқымды бөлігі ауызша беріледі. Ойды тұжырымдай білу және дәлелдемелер келтіре алу – бұл жұмыста немесе оқуда ғана емес, сонымен қатар өмірде де керекті баға жетпес қабілет. Басшы үшін өз көзқарасын дәлелдей білу, негізгі мәселелер бойынша пайымдау, сонымен қатар өз ойын дұрыс және тиянақты жеткізе білу сияқты қабілеттер ерекше құнды болып табылады.

Курста оқу барысында Сіз басқарудың түрлі аспектілерімен таныстыңыз, күнделікті сабақтарда маңызды теориялық және практикалық мәселелер қозғалды. Осы курсты қорытындылау үшін Сізге құрылымдалған эссе жазу ұсынылады. Бұл жұмысты орындау барысында Сіз қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз ұстанымыңызды көрсете аласыз, өз ойыңызды негіздеп, оқу материалын қорытындылайсыз. Эссе жазу барысында PRES формуласын қолдануды ұсынамыз:



P (Position – ұстаным, көзқарас. Берілген проблема бойынша өз пікіріңізді білдіру қажет. Ол үшін келесі сөз орамдарын қолдануға болады:

«Менің ойымша, …......есептеймін»,

«Менің ойымша, бұл мәселе назар аударуды қажет етеді / қажет етпейді»,

«......... деген оймен келісемін».



R (Reason)/ Explanation – негіздеу, өз ұстанымын түсіндіру. Мұнда сіздің пікіріңізді дәлелдейтін барлық дәлелдер келтіріліп, негізделген жауап жазылуы тиіс. Онда курстық оқу немесе тақырыптар туралы сөз қозғалып, анықтамалар мен ұғымдар ашылуы керек. Бұл бөлімде «Неліктен? Бұл мәселенің себебі неде?» деген сұрақтарға жауап беріледі. Бұл сұрақтардың жауабы «өйткені», «сондықтан», «себебі» деген сөздер арқылы ашылады.

E (Example) – мысал. Өз сөзіңізді түсіндіру және растау үшін кем дегенде үш фактіні мысалға келтіру керек. Бұл бөлім іс жүзінде өз ұстанымыңыздың дұрыстығын дәлелдей алу қабілетіңізді көрсетеді. Сіз өз тәжірибеңізден мысал келтіре аласыз, ең бастысы, сендіретіндей дәлел келтіру болып табылады. Бұл тұста «мысалы», «оны мен............. деген мысалдармен дәлелдей аламын» деген сөз орамдарын пайдалана аласыз.

S (Summary) – салдар (ойды қорытындылау). Бұл қорытынды бөлім болып табылады, онда сіздің ұстанымыңызды растайтын қорытынды тұжырымдар болуы тиіс. Сөйлемді «Осыған байланысты мен …......қорытындыға келдім», «Қорытындылай келе…», «Сондықтан…», «Жоғарыда айтылған ойларға сүйене отырып, мен бұл туралы ..........қорытынды жасаймын» деп бастауға болады.

Сізге эссе жазуда сәттілік тілейміз!
1-тақырып. Мектепті басқару үшін нормативтік құқықтық құжаттарды білу қаншалықты маңызды?


Менің мектебімде ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады.

деген оймен келісемін, ...







Өйткені білім берудің мемлекеттік стандарты мектепті басқарудағы ең негізгі құжат.

Жалпы «Стандарт» дегеніміз (ағ. standard – өлшем, үлгі, өлшегіш) – басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель. «Стандарт» термині білім жүйесінде тұңғыш рет американдық мұғалімдердің ұлттық кеңесінің ұсынуымен 80-жылдардың ортасында қолданыла бастады.

Еліміздегі білім берудің мемлекеттік стандарты мектепті басқарудағы ең негізгі құжат болуының себебі неде?

Еліміздегі барлық білім беретін (орта, жоғары, кәсіптік) оқу орындары осы стандартқа сәйкес білім беруде. Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 27 орта мектебі» де, осы стандартқа сәйкес оқушыларды оқыту үстінде. Сондықтан білім берудің мемлекеттік стандартының мақсаты егемен елімізде заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.






Өз ойымды айқындап мысал келтіре кетсем, мемлеккеттік білім беру стандартының қарастыратын мәселелелері ауқымды. Бұл тұста инклюзивті білім беру – барлық тәрбиеленушілердің ерекше білім беру

қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуін айтып кетуге болады. Сонымен қатар үлгілік оқу жоспары – бастауыш, орта буын, жоғарғы сынып бойынша бір аптадағы ұйымдастырылған оқу қызметінің тізімін, көлемін, ұзақтығын реттейтін құжатты білемін. Ең бастысы оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талап оны мен жүйелі жүргізілетін ОЖСБ, ҰБТ нәтижелері арқылы бағамдай аламын.







Осыған байланысты мемлекеттік білім беру стандартын мектептің оқу-тәрбие үрдісін басқарудағы және оны жүйелі түрде жүргізудегі негізгі жоспар деп түсінемін. Қорытындылай келе, жоғарыда айтылған ойларға сүйене отырып мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты арқылы біз біздің болашағымыз жарқын болатынына кепілдіміз. Осы стандартты еліміздегі барлық оқу орындары берілген шарттарға, ережелерге сүйене отырып іске асырса бұл істің арты жақсы боларына сене аламын.


Орындаған: ___Мункенова Клара Кудайбергеновна___________

тыңдаушының аты-жөні

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет