Курс лекций по аналитической химии. Учебное пособие по аналитической химии для студентов по специальности



Дата19.07.2022
өлшемі14,42 Kb.
#37759
түріКурс лекций
Байланысты:
Документ


практикалық сабақ. Сапалық химиялық талдаудың негізгі ұғымдары. Аналитикалық реакцияның сезгіштігі. Қышқылдық-негіздік әдіс бойынша катиондарды жіктеу. Қышқылдық-негіздік жіктелу бойынша І аналитикалық топ катиондары.
Сабақ нәтижесінде студент меңгереді:
1. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде құрастыру.
2. Аналитикалық реакцияның сезгіштігіне есептер шығару.
3. Аналитикалық реакцияларды орындау (жалын түсінің боялуы, тұнбаға түсу реакциялары, түрлі- түсті тамшы реакциялар, микрокристаллоскопиялық реакциялар, газ бөле жүретін реакциялар, экстракциялық реакциялар);
4. Жартылай микроәдіс арқылы бірінші аналитикалық топ катиондарының аналитикалық реакцияларын орындау
Әдебиеттер, соның ішінде электрондық ресурстар:
1. Патсаев Ә.Қ., С.Ж. Жайлау, Ш.С. Шыназбекова, Б.Қ. Махатов Аналитикалық химия /Алматы, 2012ж., 473б.
2. Молдакалыкова А.Ж. Аналитикалық химия пәнінен сапалық анализ бөлімі бойынша лабораториялық жұмыстар. Оқу құралы. /Алматы, 2008.
3. Чекотаева К.А., Карлова Э.К. Аналитикалық химия пәнінінң сандық талдау тәсілдері. /Москва, 2017ж.
4. Ю.Я. Харитонов. Аналитическая химия. Общие теоретические основы. Качественный анализ./М.:ГЭОТАР – Медиа, 2014.- 688с.
5. Тебенькова Е.Н. Курс лекций по аналитической химии. Учебное пособие по аналитической химии для студентов по специальности 33.02.01 Фармация./г. Набережные челны, 2016г. - 157 с.
6. Интернет-ресурс көздері, электрондық кітаптар мен оқулықтар: www.chem.msu.su; http://shopedu.ru/shop/tablitsyi/star/120
Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтары:
1. Келесі ұғымдарға түсінік беріңіз: аналитикалық реакция, бөлшектік, жүйелік анализ, макро-, жартылаймикроанализ; 1 әдеб., 16-28бб
2. Қандай реагенттержәне реакциялар специфическалық, селективті, болып аталады?; 1әдеб., 28-30 бб.
3.Аналитикалық реакцияның сезгіштігінемен сипатталады? Ашу шегі, шекті сұйылту, шекті концентрация дегеніміз не? 1 әдеб., 30-3бб.
4. Сапалық талдаудың қышқылды-негіздік әдістерінде қандай топтық реагенттер қолданылады? І аналиткалық топ катиондар құрамына қандай топтық реагенттер кіреді?; 2 әдеб., 16-17 бб.
5. Бірінші аналитикалық топ катиондарына жалпы сипаттама беріңіз.
6. Сапалық талдау үшін қандай реакциялар қолданылады? Мысалдар келтіріңіз.
7. Қандай реакциялар сезімтал реакциялар деп аталады? Бірінші топ катиондарының сезімталдығы нашар және сезімтал реакцияларына мысалдар келтіріңіз.
8. Аналитикалық реакцияларын орындағанда не себепті арнайы жағдайлар жасалу керек? Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
9. Қандай реакциялар спецификалық реакциялар деп аталады? Сондай реакцияларға мысал келтіріңіз.
10. Бірінші аналитикалық топ катиондарын анықтауда қолданылатын микрокристаллоскопиялық реакцияларды көрсетіңіз.

«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Химия кафедрасы Силлабус
Орынд.: Балпанова Д.Т. 52 беттің 18 беті
11.Бірінші аналитикалық топ катиондарын анықтауда қолданылатын фармакопеялық реакцияларды көрсетіңіз.
12. Калий катионын NaHC4H4O6-мен ашу кезіндегі реакцияның жүру жағдайлары қандай, себебі неде?
13. Қышқылдық немесе сілтілік ортада неліктен калий каионын Na3[Co(NO2)6]реактивімен
ашуға болмайды?
Сабақты өткізу түрі: жаттығуларды, ситуациялық есептерді, талқылау, орындау және
түсіндіру, кіші топпен жұмыс.
Қашықтықтан оқытуда(ҚО): тәжірибелік сабақтарды dis.kaznmu.kz (Moodle) және/немесе
Google Classroom платформаларында жүргізу қарастырылған(студенттерге жеке тапсырмалар, презентациялар, сілтемелері көрсетілген видеодәрістер және с.с.), видеоконференциялар Zoom, Hangouts және т.б. (минидәрістер, ауызша сұрау). платформаларында жүргізіледі.
Бақылау түрі: практикалық сабақтарды қортындылау бойынша қайтымды байланыс жүргізіледі, суммативтік баға қойылады.
ОСӨЖ тапсырмалары: есептер шығару: - ашу шегі; 2 әдеб., 40-41бб;
- ертіндінің иондық күші; 2 әдеб., 100-101беттер;
ОСӨЖ-н бақылау: консультация кезінде кері байланыс ретінде:
1. Ертіндідегі жалпы және активтік концентрация дегеніміз не?
2. Активтілік және активтілік коэффициенттері дегеніміз не, нені анықтайды? 3. Ертіндінің иондық күші дегеніміз не, қалай сипатталды?
СӨЖ тапсырмалары: І аналитикалық топ катиондар қоспасын талдауға арналған ситуациялық есептер.
СӨЖ бақылау: СӨЖ бағаланбайды. СӨЖ тапсырмалары мен сұрақтары аралық және қорытынды бақылауға кіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет