ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН
Мамандығы :051101 «Мейірбике ісі»
Пәні: Кардиологиядағы, онкологиядағы реабилитология және мейірбикелік күтім
Курсы : 4
Кредит №1, 2, 3
СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Құрастырған: ассистент Алданазарова Л.О. Шымкент – 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды.
хаттама № ____«_____»______ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Әлдешев А.Ә.
Кредит №1 Сабақ-1
1. Тақырыбы: Миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды оңалту (стационарлық, амбулаторлық және санаторлық кезеңінде).
2. Мақсаты: Студенттерде миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды стационарлық, амбулаторлық және санаторлық кезеңінде оңалту бойынша практикалық дағдылар қалыптастыру.
3. Тапсырма: - муляждарда, манекенде немесе волонтерде миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды стационарлық кезеңінде оңалтудың дағдыларын көрсету;
- муляждарда,манекенде немесе волонтерде миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды санаторлық кезеңінде оңалтудың дағдыларын көрсету;
- муляждарда, манекенде немесе волонтерде миокард инфарктісін басынан кешірген науқастарды амбулаторлық кезеңінде оңалтудың дағдыларын көрсету;
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиеттер іздеу (каталогтармен, журналдармен, монографиялармен, анықтамалықтармен, оқу әдебиеттерімен, интернетпен жұмыс жасау);
Сабақ тақырыбы бойынша конспект, реферат, көрнекі құралдар дайындау;