2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау. Дұшпандық ниеттегі және асоциалдық емделушілермен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар дайындау.
1.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
№12- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Дұшпандық ниеттегі және асоциалдық емделушілермен өзара әрекет ету дағдыларын алу. Жағдаяттық міндеттер шешу, рөлдік ойындар, рефераттар дайындау.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Әлеуметке қарсы мінез-құлықтың белгілері жасөспірім кезеңінен айқын көріне бастайды,осы кезде агрессивтілік,жыныстық қатынасқа ретсіз,жөнсіз түсе беру,ішімдік пен норкотик қабылдауға бейімділікті байқаймыз.
*оқыту: Білімді қалыптастыру (тың мәліметтер беру, білімді қалыптастыру).
*тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру
*дамыту: Танымдық қызығушылықты дамыту.
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1. Кулимова Л.Т. Коммуникация негіздері.
2. Көбекова Ж.С. Психология негіздері.
3. Илешова Р. Медициналық психология.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Бейәлеуметтік және қауіпті мінезді науқастар түсінігі.
2.Әлеуметке қарсы пациенттермен жұмыс барысында ескерілетін мәселелер.
3.Медицина қызметкерінің сексуалдық бұзушылықтары бар науқастармен қарым қатынас жасау ерекшеліктері.