Курсы: I оқу семестрі : I кредиттер: 90 cағат/2 кредит


Білім берудің және оқытудың әдістері



бет2/32
Дата28.11.2023
өлшемі1,35 Mb.
#130439
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Практика-Фарм-2014-каз

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пән бойынша негізгі сұрақтарды талдау
Графикалық әдістердің тіркеуін сиппаттау.
Тіркеуге арналған электродтар тітіркендіргіш электродтардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Олардың параметрлері зерттеу мақсатына тәуелді, конструкциясы, электрлік үрдістерді тіркеуге арналған (электромиографтардың, электроэнцефалографтардың, электрокардиограф-тардың) т.б. сәйкес приборлардың сипаттамасында түсіндіріледі.
Электрлік емес өлшемдеріді тіркеу үшін арнайы өлшегіш құралдарды (датчик) қолданылады. Арнайы өлшегіш құрал (датчик) деп өлшегіш немесе бақылайтын өлшемін сигналға айналдыратын аспапты айтамыз. Арнайы өлшегіш құрал (датчик) классикалық вариантта механикалық ығысуларды тіркеу үшін (қаңқа және бұлшықеттер жиырылуы, тамырлардағы қан тербелісі көкірек қуысының қозғалысы т.б.) қажет. Бұл приборлар ішінде негізгі құралдарға механикалық тегершік (рычаг) тікелей зерттелуші объектпен жалғастырылған. Миограф, Энгельман тегершікшесі немесе пневмокамера (капсула Марея) арқылы тікелей емес жалғастырылған. Бұл түрдегі арнайы құрал тегіршікшесімен жазғыш аспабы бар және кимограф барабанында (сур. 3.) жазуды жүзеге асырады.

Сүр. 3. Бақа жүрегінің жиырылуын графикалық тіркеуге арналған құрылғы.


а — кимограф; 6 —Энгельман тегіршікшесі


в —уақыт белгілейтін электромагниттік аспаб


№1 Зертханалық жұмыс
Бақаның жүйке-ет препаратын дайындау
Жүйке-ет препараты деп шонданай жүйкесін сақтай отырып балтыр етінен жасалған преператты айтады [5]. Кесіп алынған бақа әрімдеріне физиологиялық ерітінді сеуіп отырса, олардың функциясы /қызметі/ ұзақ уақыт сақталады.
Жұмыстың мақсаты: Жүйке-ет препаратын жасау әдісін үйрену.
Қажетті құрал- жабдықтар: бақа, құрал – саймандар, сүлгі, 0,65 проценттік ΝаСІ – ас тұзы ерітіндісі.
Жұмысты орындау. Қимылы тоқтатылған бақаны сол қолымен артқы сирақтарынан ұстап тік тұрғызса, оның белі мен сегізкөзі арасындағы буыны бүгіледі. Осы буыннан 1,5-2,0 см жоғары жерден бақа денесін көлденең кесіп, ішкі мүшелерімен бірге алып тастайды. Сол қолымен бақаны жотасынан ұстап тұрып, оның терісін сүлгі арқылы сыдырып алып тастайды да, препаратты крі аударып жіберіп, құйымшақтан тіліп жібереді.Содан кейін бақаны шатынан екі айырып үлкен қайшымен оның жотасын бойлай қақ ортасынан тіледі де, екі сирағын екі жаққа тартып қақ айырады. Екі сирақтың екеуінен де жүке – ет препаратын жасауға болады. Ол үш шонданай жүйкесінің астын ала кіші қайшынының ұшын өткізіп жібереді де, жүйке шығатын жерде аздаған омыртқа кесіндісін сау қалдырады, қалғанын кесіп алып тастайды. Шонданай жүйкесін ұршық буынға дейін абайлап рей отырып, айналадағы басқа өрімдерден тазартады. Екі қолдың бас бармақтарымен санның артқы жағында орналасқан жартылай жарғақ және қос басты еттердің арасын ашып сол жерде жатқан шонданай жүйкесін тауып алады. Омыртқа қалдыған іскекпен көтеріп тұрып, жүйке тұсына дейін босатады. Ол үш жүйке діңімен жалғасқан жүйке талшықтарын кіші қайшымен абайлап отайды. Жүйкенің өзін тілмей бүтін күйінде тізеден сәл жоғары жерден тіліп жібереді де сан еттерін сүйегімен бірге кесіп тастайды. Ахил сіңірінің астына қайшы ұшын өткізеді де, балтыр етін жілігімен бірге ажыратып алады. Содан соң сіңірін тіліп жіберіп тізесінен төменгі асық жілікті кесіп алып тастайды. Мұның нәтижесінде жүйке-ет препараты дайын болады.
Оның құрамы: балтыр еті, тізе буыны және омыртқа бөлігімен жалғасқан шонданай жүйкесі. Тізе буыны препаратты миографқа бекіту үшін қалдырады. Препарат кеуіп кетпеу үшін оған физиологиялық ерітінді тамызып отыру керек. Содан кейін оны миографқа бекітеді.
Тізе буынының қабынан миографтың үстіңгі қармағына іледі де, ахил тарамысын жазғыштың ілгегіне бекітеді.
Шонданай жүйкесіне жалғасқан омыртқа кесіндісін миографқа бекітілген тығын кесіндісінің үстіне салады.
Жұмыс нәтижесін көрсету.
Жүйке препаратының суретін салыңыз

№2 Зертханалық жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет