Курсы: семестрі: Құрастырған: Тағабаева Л. М. Шымкент 2013



бет58/69
Дата15.06.2023
өлшемі261,23 Kb.
#101674
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
Байланысты:
МІН-практика-2курс-4-сем-каз

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

              1. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1.Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.

              1. Ұйымдастыру кезеңі: 15 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

              1. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 42 мин (15%)

  • Артериалды тамыр соғу.

  • Білек артериясынан тамыр соғуын анықтау

  • Ұйқы артериясынан тамыр соғуын анықтау

  • Сан артериясынан тамыр соғуын анықтау

  • Тізе асты артериясында тамыр соғуын анықтау

  • Тамыр соғудың қасиеттері

Жоспар:

  • Тамыр соғудың анықтаудың мақсаты

  • Тамыр соғу қасиеттері

  • Тамыр соғуының толуы

  • Тамыр соғуының жиілігі

Тамыр соғудың анықтаудың мақсаты жүрек қан – тамырлар жүйесінің қызметін бағалау. Тамыр соғуының жиілігі – тамыр соғуы толқындарының 1 минуттағы саны жүрек соғысына сәйкес келуі керек және ол адам жасына байланысты:



  • Жаңа туылған нәрестеде 1 минутта – 120 – 140 рет;

  • Шала туылған нәрестеде 140 – 160 рет;

  • 1-2 жасар сәбиде – 110 -120 рет;

  • 5-6 жаста - 100 рет шамасы;

  • 10 жаста – 90 рет;

  • 12 -13 жаста – 80 -70 рет;

  • Жеткіншектер мен үлкендерде – 60 – 80 рет.

Тамыр соғу мынадай қасиеттерді анықтайды:

  • Тамыр соғуының жиілігі - тамыр соғу толқындарының бір минуттағы саны. Қалыпты жағдайда тамыр соғу жиілігіминутына 60 – тан 80-ге дейін тербеледі, ауа мен дене қызуына, физикалық күш түсу деңгейіне байланысты көп өзгеруі мүмкін. Неғұрлым жиі тамыр соғуы құрсақ ішіндегі кезеңде болады. 25 – 60 жаста тамырсоғуы салыстырмалы тұрақты болып қалады. Әйел адамдарда ерлерге қарағанда тамыр соғуы жиірек, спортшылар мен жаттығушы адамдарда, сондай – ақ егде адамдарда тамыр соғуы сиректеу. Тамыр соғуы тік тұрғанда, физикалық күш түскенде, дене қызуы көтерілгенде жиілейді. 1 – минутта 60 – тан төмен болса – брадикардия, 80 – нен жоғары болса – тахикардия.

  • Тамыр соғу ырғағы - бірінен соң бірі өтетін тамыр соғуы толқындарының реттілігін бағалайды. Егер олардың аралығы тең болса, онда ырғағы дұрыс, ал егер әртүрлі болса – дұрыс емес деп саналады. Егер тамыр соғуы ырғақты болса, онда тамыр соғу жиілігін 30 секундта санап 2-ге көбейтеміз. Егер тамыр соғуы ретсіз болса, онда бір минут бойы санайды. Тамыр соғуының ретсіз соғуын аритмия деп атайды.

  • Тамыр соғуының толуы – артериядағы қанның көлемімен анықталады және жүректің жиырылу көлеміне байланысты болады. Жақсы толғанда тамыр соғу толқыны жоғары, жақсы анықталады, нашар толғанда – әлсіз, білінер – білінбес. Мұндай тамыр соғуы анықталса, мейірбике дереу дәрігерге хабарлауы керек.

  • Тамырдың соғуының биіктігі мен көлемі артерия қабырғасының тербелу амплитудасына байланысты болады. Жүректің жиырылу көлемі артқанда және тамыр қабырғасы серпілістігі төмендегенде тамыр соғуы биік және үлкен, ал жүректің қан шығару мөлшерінің төмендеуі, шок, коллапс кезінде – төмен және әлсіз болады.

  • Тамыр соғу жылдамдығы тамырдың соғу толқынының көтеріліп, түсуімен анықталады. Артериялық қан қысымының тез көтеріліп, түсуі жылдам тамыр соғуына, ал ақырын көтеріліп түсуі – баяу тамыр соғуына тән.

Зерттеу нәтижесін ( Ps =70) медициналық картаға жазыңыз.
Зерттеу нәтижесін қызу парағына да түсіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет