Курстық ЖҰмыс білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар


Қоршаған ортамен байланыс пен навигация



бет10/11
Дата18.04.2023
өлшемі1,44 Mb.
#83833
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-109918

Қоршаған ортамен байланыс пен навигация
Қазіргі кездегі роботтардың көбісі адамның бұйрықтарымен жұмыс істейді, немесе бір орында қозғалыссыз істейді. Оған қарамастан адамзат динамикалық ортада автономды түрде жұмыс істей алатын роботтарға қызығушылықтарын арттырып жатыр. Сол роботтарға қоршаған ортада кедергісіз жүру үшін навигация керек. Егер күтпеген жағдайлар (мысалы адамдар мен басқа заттар бір орында тұрмай, жылжитын болса) туындаса робот соғысып мәселе туғызуы мүмкін. ASIMO және Meinü robot сынды жоғары дамыған роботтардың навигация жүйелері де мықты. Өзін - өзі бақылай алатын, немесе Ernst Dickmanns-ның жүргізушісіз автокөліктері қоршаған ортаны сезіп, навигация бойынша шешімдерді көліктің өзі қабылдай алады. Сондай роботтардың көбісі жол нүктелердің арасында шарлау үшін GPS-ті radar, кейбір кездерде lidar сынды сенсорлармен, video cameras және инерциялық бағдар жүйелерімен қоса қолданады.
Адам сөзін тану
Көбіне адам сөйлеуінің өзгергіштігінің арқасында компьтер үшін адамның нақты уақытта сөйлеген сөзін тану қиынға соғады. Жергілікті акустика, бөлме көлемі, адамның жағдайы (ауру немесе тәуір) сынды себептердің арқасында бір адамның сөйлеген бір сөзі әртүрлі естілуі мүмкін. Ал егер адамның екпіні болса жағдай одан да нашарлай түседі. Оған қарамастан, 1952 жылы Davis, Biddulph және Balashek дауыс тану саласында үлкен қадамдар жасап, бір адамның 10 санды айтқанын 100% дәлдікпен тани алатын әлемнің ең бірінші “дауыспен енгізу жүйесін” ойлап тапты. Қазіргі кездегі жүйелер минутына 160 дейін табиғи үздіксіз сөйлеулерді 95% дәлдікпен тани алады.
Роботтың дауысы
Роботтарды адам сынды сөйлеткізу жүрісінде кедергілер пайда болып жатыр. Әлеуметтік себептерге бола, синтетикалық дауысты қолдану қолайсыз деп шешілді, сол себептен дауыстың эмоционалды құрамдастарын түрлі жолдармен дамыту керектігі байқалды.


2.2. LEGO MINDSTORMS EV3 моделі
Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі роботехника сабақтары оқытылса, енді жалпы білім беретін мектептерге енгізілуде. Онда информатика пәні мұғалімдері робототехника негіздерін үйретеді. Жалпы орта мектептерде үйірме негізінде «Lego» роботтарын үйретеміз.
LEGO MINDSTORMS EV3 конструкторлары пайдаланылатын оқу платформасы болады және оқушыларға практикалық тәжірибе алу, инженерлік, нұсқаушы, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға және өз потенциалын ашуға мүмкіндік береді. Оқушылар түрлі есептерді шешу үшін роботтарды құрастыруды, құрылымдауды, үлгілеуді және бағдарламалауды жүзеге асырады. 21 ғасыр техниканың даму ғасыры болғандықтан, компьютерлер мен роботтар адам өмірінде алатын орны өте зор.
Осыған байланысты, 2016 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептерде «Роботты техника негіздері», «Лего-роботтар» енгізілуіне байланысты элективті курстар, үйірмелер ұйымдастырылуда.
Мектеп оқушылары 5-7 сыныптар LEGO MINDSTORMS EV3 конструкторлары пайдаланылатын болады және оқушыларға практикалық тәжірибе алу, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға және өз потенциалын ашуға мүмкіндік алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет