Курстық жұмыс ф 11. 01-2022


ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАЛАРЫН



бет6/7
Дата20.02.2023
өлшемі202 Kb.
#69636
1   2   3   4   5   6   7
2 ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН МҰРАЛАРЫН
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ

Ы. Алтынсарин мұрасы бізде тек соңғы 40 жылдан бермен қарай әр түрлі қырынан зерттеліп келеді. Оның әлеуметтік, әдебиеттік, этнографиялық, этикалық, философиялық көзқарастары жөнінде бірнеше ғылыми еңбектер жазылып, қорғалды. Бұларда ағартушының сан қилы шығармашылығы әр тарапта сөз болады. Осы орайда Е.Бекмахановтың, Д.Қабдиевтің, Б.Қазыханованың, Ә.Дербісалиннің, Б.Сүлейменовтің, т.б. еңбектерін атап өтуіміз қажет. Бір өкініштісі, осыншама зерттеу жүргізілсе де әлі күнге дейін ағартушы-педагогтің философиялық көзқарасын жан-жақты талдаған жұмыстар жоқтың қасы. Жоғарыда аты аталған зерттеулердің қай-қайсысы да «Ыбырай мұрасынан материалистік сарынды байқау қиын емес, оның идеалистік тұжырымдары да жеткілікті» деп келетін жалпылама, жалаң пайымдаулардан асып кете алмай жүр. Бұл жағдай бізге Ыбырайтанудың осынау осал жағын зерттей түсуді меңзейді.


Ы. Алтынсарин түсінігінде білім дегеніміз – айналадағы ақиқатты тану. «Табиғат ақыл деп жазды ол, - айналадағы бізді қоршаған өмірді ғана қамтуға қабілетті, ал оны дамытып, біздің көрмегенімізді де білуге мүмкіндік беретін дүниелік білім ғана». Сондай-ақ Ы. Алтынсарин «Лұқпан әкім» деген әңгімесінде де адамның дүниетанымы жөнінде кейбір қызықты жайтарды келтіреді. «Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң көзіңізді жұмылдырыңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ғана ерік беріңіз». Оның ойынша, дүниені тануда адамның ақыл-ой парасатымен қатар, түсініктері де, әсіресе, көру түйсігі қатысуы тиіс. Осы аңыз-әңгіменің бірінші бөлігінде рационалистік философияның элементтері (ақыл), ал екінші бөлігінде сенсуализм (сезім мүшелері) елес береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ы.Алтынсарин аса талантты педагог, ағартушы, дарынды жазушы, тамаша ақын, көрнекті қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнерінің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады.


Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп, оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып табылады.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан қол созып, «жол болсын» айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей, мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып, өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді.
бырай Алтынсарин жалпы Россиялық экономикадағы Қазақ даласының алатын дайықты орнын көрсетті. 1880 жылғы «Оренбургский листок» газетінде ол: «Россияның күші – мықты жауынгері, шебер диханшысы, әрі тумысынан малшысы бар болғандығында деп білетін Европа дипломатиясының қызғанышын тудыратын» қазақ жері деп жазды.
Ы.Алтынсарин тұлғасынан біз қазақ халқының мәдени, экономикалық жағынан дамуы жолында күресуші көш басшыны көреміз. Ағартушы адал еңбек етуді, қанағат қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның "Біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам - шын бақытты адам" дегені соның нақты айғағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет