Қортынды.
Қазіргі уақытта қоршаған ортаны сақтау мәселесі өте өткір болып табылады, ал тыңайтқыштар мен өнеркәсіптік химиялық құрамдастарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану планетаның экологиясына айтарлықтай зиян келтіреді. Осы себепті қазіргі таңда шаруалар тыңайтқыш ретінде органиканы көбірек пайдаланады, бұл өз кезегінде топырақты байытады және көптеген дақылдардың өнімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Жасыл тыңайтқыштардың тиімділігі олардың өсіп-жетілуі және өнім деңгейіне байланысты. Жасыл тыңайтқыштар егістігіне фосфор мен калий тыңайтқыштарын қолдану, тұқымдарын микроэлементтердің тұздарымен өңдеу оның өнімділігін жоғарлатады, нәтижесінде сидераттың тиімділігі артады.
Жасыл тыңайтқыштар мен көңді ұштастыра пайдалану көпжылдық шөптерді егу арқылы топырақтың құрылымдауына (оструктуриванию) ықпал етеді: агротехникалық құнды және суға төзімді агрегаттар көбейеді. Жасыл тыңайтқыштардың топырақ құрылымына әсер ету дәрежесі олардың дамуы және шөптердің (травостой) құрамына байланысты.
Салыстырылған сидераттар арасында ең жақсы көрсеткішті түйежоңышқа көрсетті, ол көктемгі жаппасыз (безпокровный) егіс кезінде орта есеппен 3,4-тен 8,9 т/га жер үсті құрғақ биомассасын құрады және көрсеткіші рапсқа қарағанда 1,8 есе көп болды.
Түйежоңышқаның жасыл массасының ылғалдылығы төмен болғандықтан құрғақ зат шығымы (3,4–8,9 т/га) рапспен салыстырғанда орта есеппен 1,7 есе жоғары болды. Дегенмен кейбір жылдары түйежоңышқа құрғақ зат шығымы көктемгі егіс кезеңіндегі рапс тұқымынан төмен болды (4.1-кесте).
Экономикалық тиімділкке келетін болсақ, технологиялық іс шараларды көбейтпей-ақ рапсты парда қосымша өнім алуға болады. Бұл рапс тұқымының салыстырмалы арзан екендігімен түсіндіріледі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Тулеубаев Ж. С. және т.б. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері / оқу құралы / Ж. С. Тулеубаев, Қ. И. Оразбаев – ҚР Білім және ғылым мин-гі; Тараз мемлекеттік педагогикалық институты – Алматы, 2013 . – 486 б.
2 Жаңабаев Қ. Ш. және т.б. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы / Қ.Ш. Жаңабаев, Т.С. Саудабаев, И.С.Сейітов – Алматы: Қайнар – 1994. 352 – б.
3 Әрінов Қ. К. және т.б. Өсімдік шаруашылығы / Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, т.б. Алматы: ЖШС РПБК Дәуір, 2011. – 632 б.
4 Зелинский Н. А. Проблемы паров и научные основы повышения продуктивности эродированной пашни на Нижнем Дону: автореф. дис. д-ра с.-х. наук. Воронеж, – 1997– 42 с.
5 Каргин И. Ф., Чекайкина Т. С. Влияние сидеральных культур на свойства почвы и урожай озимой ржи / Агрохимия. – 1987. №11. С. 63–67 Б.
6 Зезюков Н. И. Научные основы воспроизводства плодородия чернозёмов ЦЧЗ: автореф. дис. д-ра. с.-х. н. Воронеж, 1993. 36 с.
7 Шарков И. Н. Минерализация и баланс органического вещества в почвах агроценозов Западной Сибири: автореф. дис. д-ра биол. наук. Новосибирск, 1997 – 37 с.
8 Старостенко В. П., Шотт П. Р. Зеленые удобрения и продуктивность культур зернопарового севооборота // Сибирский вестник сельскохозяйственной науки. 2003. №2 (148). 78–81 С.
9 Суховеркова В. Е. Основные неэродированные почвы ОПХ им. В.В.Докучаева // Современные проблемы сельского хозяйства и пути их решения: Юбил. сб. науч. тр. Барнаул. С.183–199.
10 Шевлягин А. И. Плотность почвы — одно из условий ее плодородия / С.-х. пр-во Сибири и Дальнего Востока. – 1963.-ЫЗ.-С. 43–4 4с.
11 Воробьев С. А. и др. Земледелие / С А Воробьев, А. Н. Каштанов, A. M. Лыков, И. П. Макаров. -М.: Афопромиздат, 1991. – 527 с.
12 Жасыл тыңайтқыштар https://studopedia.org/12-61037.html – Мәтін: электронды
Достарыңызбен бөлісу: |