Курстық жұмыс н 3



бет5/6
Дата30.04.2023
өлшемі81,17 Kb.
#88524
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ИҮГІНЕКИ КУРСОВОЙ

ҚОРЫТЫНДЫ
Ғасырлар бойы өмір сүруін жалғастырып, тарих тағдырын басынан өткізден қай халықтың болмасын, өмір жолы даңғыл соқпақ емес. Тарих толқынының күшіне төтеп беру үшін небір қиялы шатқалдардан өтіп, қилы сүрлеулерді артқа тастауға тура келіп жатады.
Өзге де ұлттар секілді қазақ халқының әдебиеті де бірден қазіргі кемелденген шағына жаңа бағыттағы, жаңа мазмұндағы, озық адамгершіл реализм дәрежесіне бірден жете қойған жоқ. Бұған дейінгі тым ежелгі жазулар мен сызбалар, аңыздар, жырлар мен өлеңді тіркестер ұлттық әдебиетімізді бейнелі ой мен эпостар, дастандар мен түрлі тақырыптағы жырларды тудыруға себепкер болды.
Ахмет Иүгінеки шығармашылығының жауһары «Ақиқат сыйы» жоғарыда атап өткеніміздей, ортағасырлық сарында жазылған дастан. Шығарманың сыртқы болмысы мен көркемдік ерекшеліктері бүгінгі әдебиетімізден айырмашылығы болғанымен де, ең актуалды проблемаларды қамти алған. Сондықтан болар, шығарма уақыт кеңістігіне бағынбайды, қа уақыта болмасын өзін оқыған оқырманға ой салып, оң өзгерістерге жетелейді. Материалдық құндылықтарды басты орынға қойып, ішкі байлығынан қол үзгенін байқап үлгермей жатқан ХХІ ғасыр адамы үшін, сірә, бұл баға жетпес байлық болар.
Ахмет Иүгінеки заманындағы діни және этикалық құндылықтарға сұраныс ойшыл шығармашылығынан – ақ байқалады. Исламдық айшықтарды өзінің философилық көзқарасын пайымдау кезінде шебер пайдалана отыра, өз дәуірінің озық ойлы, білімді азаматтарының қатарынан екендігін көрсетеді. Ақын өз ілімінде адам өміріне, уақытқа және тағдыр мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өзі үгіттеген философиялық идеяларды да тереңінен өз шығармашылығында қозғап, оқырман санасында оң төңкеріс жасайды. Сондықтан да қазіргі ұрпақ та осы біліммен сусындап, дұрыс көзқарас қалыптастырғаны жөн деп санаймыз. Бір ғана Ахмет Иүгінекидің шығармашылығына көз тастау арқылы тарихтың біршама белестерін адамзаттың басты құндылықтарын көре алатын секілдіміз.
Біз жоғарыда айтып өткен ақпараттар арқылы бұл әдәби мұраның өзіндік бағасының үлкен екендігін, ақынның бізге қалдырып кеткен рухани мұрасын меңгеру оның тек қайраткер ретінде тану ғана емес, тарихымыздың үлкен ір бөлшегінің құпиясын ашу болары анық. Одан бөлек шығарма мәніне терең бойлап, әрі оны бүгінгі күнмен байланыстырып, өз тұжырымдарымызды шығару – тұлғалық дамудың баспалдағы болмақ. «Ақиқат сыйын» мүмкіндігінше терең түсініп, мазмұнына сәйкес деңгейде түйсіне алу – қазіргі қазақ менталитеті үшін өте маңызды. «Ақиқат сыйы» атауының өзі адамзат балас үшін тылсым, жұмбақ дүние, яғни жай ғана шындықтың емес нағыз ақиқаттың адам үшін ашылуы. Ақынның пікірінше де бұл қарапайым дүние емес, себебі ол сан қатпарлы сатылар мен мәннен тұрады. Адамзат баласы өзін қоршаған дүниемен толық сіңісіп, балансты сақтай алуы үшін, жан тыныштығын сезініп, тереңдікке бойлай алуы үшін, өз бойындағы кемшіліктерме күресіп, рухани жетілу жолына түсуі үшін Ақиқаттың заңдылықтарын ұғынып, оның түрлі қырлары мен құпияларын білуге тиіс. Ал бұл шығарма Ақиқатты іздеген жанға сый ретінде берілген тұсбағдар іспеттес.
Бұл зерттеу жұмысында біз «Ақиқат сыйы» шығармасының идеялық – тақырыптық бағытына, көркемдегіш құралдарына, композициялық құрылысына, жырдың метрикалық жүйесіне талдау жасауға тырыстық. Шығарма көтерген мәселелерді бүгінгі күнмен байланыстырып, сабақтастықты көрсеттік. Нәтижесінде «Ақиқат сыйы» дастаны оқырманы көбеймесе азаймайтын, адамзат үшін қызмет жасайтын, өз ішіне құды білімдерді жинақтаған әдеби маңызы мол мұра деген қорытындыға келдік.
Сөз соңында айтарымыз, Ахмет Иүгінеки мұрасын мектеп жасындағы оқушылардан бастап, жоғарғы оқу орындарында білім алатын жастарға тәрбиелік құрал ретінде пайдалану ел болашағы үшін жасалатын үздік бастамалардың бірі болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет