Курстық жұмыстың мақсаты: С++ бағдарламалау ортасында бір өлшемді массивтерге әртүрлі әздеу әдістерін қолдану.
Курстық жұмыстың міндеті:
С++ ортасының мүмкіндіктерімен танысу
Бір өлшемді массивтермен жұмыс істеп үйрену
Іздеу әдістерін бір өлшемді массвитерде қолдану жолдарын қарастыру
Бағдарламаның алгоритмін құру
Құрылған алгоритмді бағдарламалау тілінде орындау керек
Алынған нәтижені талдау керек
Адамның қызметінің әр түрлі салаларында программаларды қолдану – барлық программалық қамтамассыз етудің сенімділігін арттыру қажеттілігіне алып келді.
Программалау технологиясы – бұл программалауды дайындаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы және осы әдістер мен тәсілдерді қолданудың тәртібі.
Курстық жұмыс негізі екі бөлімнен тұрады, теориялық және тәжірибелік. Теориялық бөлімде негізгі үш тақырыпша қарастырлыған. Ал тәжірибелік бөлімде негізі екі тақырыпша қарастырылды.
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Бір өлшемді массивтерге жалпы шолу
С/С++ тілдерінде негізгі типтерден бөлек, солар арқылы жасалатын туынды типтерді де пайдалануға болады. Туынды типтердің үш түрі бар, олар:
- берілген типтегі элементтер массиві немесе жиымы;
- берілген типтегі объектіге нұсқауыш;
- берілген типтегі мəн қайтаратын функция.
Жиым немесе массив – бір типтегі элементтердің реттелген жиыны. Жиымның əрбір элементіне компьютер жедел жадынан нақты орын беріледі. Бір жиым элементтері тізбектеле қатар тұрған жады ұяларында орналасады. Жиым элементтері саны оның өлшемі (ені) болып табылады. Компьютер жадынан орын бөліп беру үшін жиымның өлшемін білу керек. Жиымға орын бөліп беру программаны компиляциядан өткізу кезінде атқарылады.
Массив — бір типті элементтердин жиынтығы;
Тік жақшаның ішінде массив элементтерінің саны жазылады; массив элементтері нөлден бастап нөмірленеді;
Массив элементін шақыру үшін элемент индексін көрсету керек. Индекс ретінде бүтін типті – тұрақтыны немесе айнымалыны қолдануға болады.
Индекс 0-ден n –ге дейін өзгеруі мүмкін, мұндағы п —массив элементтерінің саны;
массивті жариялау үшін #define директивасында жарияланған аталған тұрақтыны қолдану өте қолайлы
Достарыңызбен бөлісу: |