Курстық жұмыс Пәні: Мал шаруашылық өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ІІ тақырыбы


Органолептикалық зертеулер жүргіздім



бет13/20
Дата06.01.2022
өлшемі58,2 Kb.
#12514
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
ВСЭ Курсавой

Органолептикалық зертеулер жүргіздім

Ірі қара басы - Малдың басын қарағанда мен ең бірінші еріннің, танау тесігінің, кілегей қабықтарын тексердім.Тілді қолмен ұстап өзіме қарай төмендете тарттым көмекей – жұтқыншақ маңынан көлденен кестім сол кезде мен ұсақ-ұсақ казеозды заттарды көрдім. Құлақтың төменгі жағынан , алқым және шеткі жұтқыншақ лимфа түйіндерін жарып кестім. Лимфа түйіндері ісінген, патологиялық өзгерістер бар, жарып кескенімде қою қанталаған сұйықтық ақты.

Ұша- Мен ең алдымен қансыздану дәрежесіне көңіл бөлдім. Еттің түсі қоңыр – қошқыл , қан тамырлары, әсіресі тері асты, қабырға бойында жататын қан тамырлары қанға толып тұрды. Яғни ұшада патологиялық үрдістің бар екендігіне күмәндәндім.Еттің консистенциясын саусақпен ет үстінен басып тексергенде шұңқыр өз қалпына келмеді. Ет жұмсақ болып босап кетіпті.

Өкпе - Өкпенің тығыздығына мән бердім. Яғни қолмен басып көрдім. Пневмония ошақтары, бітеу жара, эхинококк қапшықтарының бар жоқтығына назар аудардым. Сонан соң, ірі бронхыларды жарып, ішек қарын жыны мен қаннан тұншықпағандығын анықтадым. Бронхының лимфа түйіндерін жарып тексердім солкезде диффузды ошақтардың бар екендігін көрдім. Әсіресе сол жақтағы ірі бронхылардың алдыңғы және жоғарғы жақтарында орналасқан бронхының сол жақ бездерін қарағанда бірнеше казеозды заттар байқалды.

Мен органолептикалық зерттеу барысында ұшаның паталогиялық үрдістері бойынша туберкулез ауруына күмәндандым. Нақты көз жеткізу үшін ары қарай зерттеу жұмыстарын жүргіздім.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет