Курстық жұмыс Пәні


Тік бұрышты координаталарды анықтау



бет6/25
Дата20.09.2022
өлшемі1,79 Mb.
#39548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

2.2.2 Тік бұрышты координаталарды анықтау

Тік бұрышты координаталарды анықтау үшін топографиялық карталар парақтарына координаталық тор салынған, ол берілген аймақтың координаталық осьтеріне параллель тік бұрышты сызықтар болып табылады. Оңтүстіктен бастап солтүстікке жүргізілген тор сызықтары аймақтың осьтік меридианына параллель (яғни ОХ осіне), ал батыстан шығысқа жүргізілетін сызықтар проекция жазықтығында экватор кескініне (яғни ОY осіне) параллель. Осы тор квадратының қабырғаларын, әдетте километрдің тұтас санымен өрнектейді, сондықтан километрлік деп аталады. Километрлік тор сызығын цифрлау карта парағы жиегінен тыс сызықтар жалғасында беріледі.


Әрбір аймақта өзінің тік бұрышты координаталар жүйесі құрылады, онда абсциссалар осі (ОХ) ретінде - берілген аймақтың осьтік меридианының кескіні, ал ординаталар осі (OY) ретінде экватор кескіні қабылданады, 6-суретті қараңыз. Осылайша, аймақтың қандай да нүктесінің координаталары оның экватордан (Х) бастап осьтік меридианға (Y) дейін қашықтығы болып табылады.



Тік бұрышты координаталардың аймақтық сұлбасы

Солтүстік жарты шарда абсциссалар әрқашан оң. Ординаталар оң да, теріс те болуы мүмкін. Ординаталардың теріс мәндерін болдырмас үшін абсциссалар осін (ОХ) шартты түрде осьтік меридианнан бастап батысқа қарай 500 км-ге көшіреді. 7-суреттен көріп отырғандай:



60 аймақтың әрқайсысында Х және Y координаталарының сандық мәндері қайталануы мүмкін. Сондықтан жер бетінде нүкте орнын бір мәнді анықтау үшін әрбір ордината алдында аймақ номері қойылады. Аймақтың кез келген нүктесінің тік бұрышты координаталары:
абсцисса (Х) – Х осі бойымен экватордан бастап берілген нүктеге дейін қашықтық;
ордината (Y) – ординаталар мәндерінде бірінші цифр аймақ номерін көрсетеді, қалғандары – берілген нүктеден батысқа қарай 500 км-ге шартты ығысқан аймақтың осьтік меридианының км-мен алынған қашықтығы.
С нүктесінің тік бұрышты координаталарын (Х, Y) анықтау үшін километрлік торды цифрлауды пайдалана отырып, квадраттың оңтүстік-батыс бұрышы координаталарын (Х0, Y0) табады, оның ішінде берілген нүкте болады. Сосын С нүктесінен осы квадрат қабырғаларына перпендикулярлар түсіреді және карта масштабын ескере отырып, олардың ұзындықтарын (ΔХ, ΔY) анықтайды. Сонда С нүктесінің тік бұрышты координаталары былай болады:
,


Келтірілген ординаталарды салу сұлбасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет