1.3 Ақпараттық технологиялар металургиялық процесстерді басқару шешімдерін қалыптастыру құралдарын пайдалану салалары
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Өнеркәсіптерде, мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері алға қойылып отыр. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылатын профессиональды-бағытталған кішігірім есептеу жүйесін айтуға болады.
Қазіргі қоғамда компьютердің маңызы өте зор. Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.
Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:
-басқару объектісінің дамуын болжау;
-басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;
-басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;
-басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;
-басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;
-басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.
Жұмыс орнын автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады.
Жалпы автоматтандыру-адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты деуге болады. Адамдар үлкен фирмалардағы құрал- жабдықларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді автоматтандырудың арқасында басқара алады.Еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату-автоматтандырудың мақсаты болып табылады.Уақытты үнемдеу және де басқаруды жеңілдету-автоматтандырудың екінші бір пайдасы болып есептеледі. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі-автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы. Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанн талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады. Ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді мәліметтер қоры қамтамасыз етеді. Мәліметтер қоры өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды. Және де деректердің электрондық сақтаушысын мәліметтер қоры деп айта аламыз. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |