Курстық ЖҰмыс тақырыбы: 12 жылдық білім беру жүйесіндегі мектептер Пәні


жылдық білім беру жүйесін басқару



бет5/8
Дата21.06.2023
өлшемі57,09 Kb.
#102908
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ақнұр Абдрахман (2)(1)

2.3 12 жылдық білім беру жүйесін басқару
12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептің, жергілікті қауымдастықтың, әлеуметтік әріптестер мен мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты бөлу қажет.
Мектепті басқаруда білім берудің сапасын үнемі өзіндік тәртіппен бағалауды қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады. Жаңа жағдайда сапалы білім беру білім алушылардың түрлі саладағы қызметте проблемаларды өз бетімен шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін олардың білімдіқ және жеке жетістіктері деп түсіндіріледі.
Тұтастай алғанда қазақстандық жалпы орта білім беру мемлекеттің даму міндеттерімен сәйкес келуі тиіс және қазіргі замандағы бәсекелестікті қамтамасыз етуі қажет. Білім беру сапасын арттырудың ықпалы мынадай болуы тиіс:
1) есеп беру және басшылық, басқару, тиісті құжаттарды әзірлеу жүйесін жетілдіру;
2) білім сапасын диагаостикалаумен мониторингтеу мектеп қызметінің жүйесіне;
3) тұлғалық-қызметтік, құзыреттілік тәсілдерге негізделген оқытудың әдістемелік жүйесіне;
4) ойластырылған әкімшілік орталықтандыруды, мектептерді басқаруды жүзеге асыруға;

  1. әр түрлі қажеттіліктермен бірге балалардың құқығын қаматамасыз ету мақсатында балаларды ерте жастан диагностикалау үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және оларды дамыту үшін білім беру орталарын құру;

  2. білім сапасын бағалаудың жаңа рейтингтік жүйесін енгізуге.

Білім беру үйымдары білім беру процесіндегі өзін өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін жетекші технологияларды игеруі тиіс [8, 40 б].
.
2.4 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:
1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (ұлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;
2) білім берудің пәңдік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмүнын әзірлеу;
3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-кұқықтық актілерді әзірлеу;

  1. Күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;

  2. Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

  1. Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын, құру;

  2. Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;

  3. 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, «Оқулық» республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты үйымдар болып анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет