2.2.Байтұрсынов әдістемесі Жай ғана әліпбиді үйретіп, әріптерді танудың сан мыңдаған әдісі бар.Оның тура пайдалысын анықтау арқылы білімдегі тиімділікпен сауат ашуды құрастырады.Ал, осы Ахмет салып кеткен әдістер тұжырымдамасы арқылы қандай әдістің тиімді екенін анықтай аламыз.Осы тұжырымдамағатоқталар болсақ:
Әдістердің жүзеге асуы бірдей болмайды.Себебі, әр тілдің емлесі, айтылу, жазылуы және тағы басқаша блады. Сондықтан оны ең бірінші дұрыстап зерттеп қайсысы сәйкес келеді соны анықтай қажет.
Барлығымыз үшін сауатты адам ол білімді, шапшаң жазатын, оқитын адам және сол кезеңді айтамыз.Ал оны қалыптастыру үшін сауаттауәдістері қажет.
Жазу үшін әріп алмай, таңба алған жұрттың бірі, мәселен, қытай. «Ауыз» бен «ит» таңбасы қатар тұрса «үреді» деген сөз болады. Мұғалім бұл жазумен сауаттағанда дыбыспен де, әріппен де жұмысы жоқ. Жазу үшін әріп алғанымен, ол әріптері тіліндегі дыбыстарына сәйкес келмейтін ағылшын, американ сияқты жұрттар. Бұлардың сөздерінің жазылуы мен айтылуы айырылып, алыс кеткендігі сонша «ит» деп жазып, «шошқа» деп оқиды. Сондықтан олардың жазу жүйесі әріпті болғанымен, мағынасы таңба жүйелі жазуға жақын. Ал тілінің жазылуы мен айтылуы бөлектенген жұрттың мысалы – орыс халқы. Мұндай жазуы бар жұрттың кей сөздерін дыбыстарына қарай жазуға болады, кей сөздерін тек жатталған түрінде ғана жазуға болады. Сондықтан бұлардың бәрі сөзді таңбаша жазып отырған соң немесе таңбаша жазуға жақын түрде жазып отырған соң таңбаша үйрету әдісін қолданып отыр. Тұтас сөз әдісі деген сол таңбаша үйрету әдісі болады. Тұтас сөз әдісінне мақсатпен қолданып отырғандарына назар салмай, тек басқалар қолданып жатқанда бізге де қолдану керек деушілер бар.
Жалқылау әдіс жалпылау әдіске қарсы жөніндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтату.
Жалқылау әдістің жалпылау әдістен артықшылығын қуаттайтын пікір ХVІІІ ғасырдың аяғында Францияда пайда болды. Оқу үйреткенде сөзді әріптен, буыннан бастамай, сөздің тұтас тұрған тұлғасынан бастап үйрету керек дейді. Негізгі кемшілігі сөзді жаттату, не үшін «ат» деп сызған нәрсе «ат» болып оқылуға тиістігі балаларға түсініксіз. Оқыған сөздерін балалар неге солай оқылатынын білместен жаттау.
Біржерде жалпылау, бір жерде жалқылау әдісі жүріп, ақырында екеуі жалқылаулы-жалпылау әдісіболып бірігеді. Бұл әдістің өзі қолданысына қарай бірнеше түрге бөлінеді: «Шағын сөзді» түрі – мұның бір артық жері аз сөзді оқи білумен балалар көп сөзді оқып кетуге жарайды. Сондай артықтығы болғандықтан, бұл әдіс мәдениетті жұрттардың бәріне жайылды. «Жазу-оқу» деген түрі – оқуды жазу арқылы үйрету. Бұл әдісті қолданушылар оқу үйретуді оқудан бастау дұрыс емес, жазудан бастау дұрыс дейді. «Жазу-оқу» әдісі шыққаннан кейін оқу мен жазу қатар жүретін болды. «Дыбысты әдіс» түрі – дыбысты әдіспен үйреткендегі істелетін істің негізі бес түрлі (балалармен әңгімелесу; оқу үйретуге даярлайтын жұмыстар; сөзден дыбыстарды айырып шығару; әріптермен таныстыру; берілген әріптерінен сөз құрау, соны оқу).
А.Байтұрсынұлы сол кезеңдегі әлемге тарап жатқан оқыту әдістемелерін осылайша, саралап, талдай отырып, солардың ішінде қайсысы қазақ тілінде сауат ашуға қолайлы екенін анықтады. Өзі шығарған «Әліппені» (Оқу құралы) «Дыбысты әдіспен» оқытуды ұсынып, мұны мұғалімдерге арналған нұсқаулығы – «Баяншыда» мұқият тәптіштеп түсіндірген. Дыбысты әдісті қолдану үшін «Дыбыспен жаттығу» тәсілін ұсынған.
А.Байтұрсынұлы «Дыбысты әдісті» не үшін таңдады? Оның басты себебі, балалар «сөздің ішінде қанша һәм қандай дыбыстар бар екенін айыруды білсе, харіфтерін қою қиын болмайды». Ғалым қазіргі айтылып жүрген оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым әрекеттерінің негізі осы «Дыбысты әдіс» арқылы қалануы керектігін сол кезде-ақ саралаған. Мәселен, ұлт ұстазы былай дейді:
Сөз айту – дыбысты ауызбен тізу (айтылым)
Сөз жазу – дыбыстардың белгісін қағаз бетіне тізу (жазылым)
Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз шығара білмейді, себебі олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді (оқылым).
Дыбысты білмей, дыбыстың қалай тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену қиын (тыңдалым).
А.Байтұрсынұлы осылай түсіндіре отырып, «бұл усул сотиенің (жаңаша оқыту тәсілі) ең жақсы жолы» деген қорытынды шығарады және жаңаша оқыту тәсілінің басты қағидасы ретінде айтылым әрекетін бірінші орынға қойған:
- әуелі балаларға әртүрлі дыбыс бар екенін білдіру;
- екінші балаларға таныс сөздерді алып, олардың ішінде қандай дыбыстар барын айырту; - үшінші бөлек-бөлек дыбыстарды тіздіріп сөз айтуды білдіру;
- бұларды білмей тұрғанда балаларға харіф көрсету жарамайды («Баяншы»).
Осылай деген ұлт ұстазы «осы күнде оқуы тәртіпті жұрттар балаларға харіф көрсетпей тұрып, әуелі дыбыспен жаттықтыратынын» ескерткен. Ал өтетін әріпті дыбыспен оқыту жолын қазақ мұғалімдеріне былайша түсіндіреді: «Мұғалім созып «А» деп айтады да, балалардан сұрайды не дыбыс естілді? Балалар: «А» деген дыбыс естілді. Мұғалім созып басқа бір дыбыс айтады. Мысалы «З», мұның турасында да не дыбыс естілді деп сұрайды. Осылай бірнеше дыбыстарды айтқаннан кейін балалар дыбыстың әртүрлі болатындығын біледі һәм бір дыбыстан бір дыбысты айырып тануға күші жетеді. Сонан соң сөз ішіндегі дыбыстарды айыруға да шамалары келеді».
А.Байтұрсынұлы сөз ішіндегі дыбыстарды балаларға айырту үшін әуелі бір буынды, сонан соң екі буынды, онан соң үш буынды сөздер алынатынын айтады және екі, үш буынды сөздерді буынға бөлуді үйрету аса маңызды екенін ескерткен: «Бұл арада балаларды сөздің буынымен таныстыру керек. Ол үшін екі буынды, үш буынды сөздерді алып, созып айту керек. Созып айтқанда, сөз буын-буыннан бөлініп естіледі. Мысалы: «аға» дегенді созып айтқанда екіге бөлінеді, «ағалар» деген сөзді созып айтқанда үшке, «ағаларға» деген сөзді созып айтқанда төртке бөлінеді. Осылайша, бірнеше сөзді созып айтып көрсеткеннен кейін балалар да әр сөзді созып айтып, қай сөзде қанша буын бар екенін айыруды біледі. Балалар сөздің буындарын һәм дыбыстарын қосып үйренгеннен кейін, харіфтерді көрсету керек».
Ұлт ұстазы өз «Әліппесін» осы дыбысты әдіспен оқытуды мұғалімдерден талап етті және 1920 жылы шыққан нұсқаулығында («Баяншы») өз тарапынан «Дыбыспен жаттығу» тәсілін ұсына отырып, онымен балаларды қалай оқыту жолдарын жан-жақты үйреткен. 1913 жылы жариялаған «Қазақша оқу жайынан» деген мақаласында да «Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі», деген болатын.
Ал 1926 жылы А.Байтұрсынұлы «Әліппе» атты жаңа құралды жарыққа шығарды. Бұл кітапта ғалым бұған дейінгі «Әліппесі» тек дыбыстық әдіске негізделгенін, кейінгі кезде дыбыс әдісімен қатар сөз негізді тұтас оқу әдісі шыққанын, сондықтан бұл жаңа құралда дыбыс әдісі мен тұтас оқу әдісі қатар берілгенін айта отырып, «Әліппе» мен бұл жаңа құралдың қайсысы үйретуге жеңіл, қайсысымен оқытқанда балалар оқу мен жазуды тез үйренеді, осы жағынан тәжірибе түйілсе екен, деп мұғалімдерге өтініш білдіреді.
Бұл жаңа құралда сөйлеу әрекеттерінің жазылым, айтылым, оқылым түрлеріне әртүрлі тапсырмалар берілген, тыңдалым әрекеті «Дыбыстық әдіске» негізделген. «Тұтас сөз әдісін» қолданғанда өтпеген әріптер бойынша мысалдар алынбаған. Бұдан А.Байтұрсынұлының бұл әдісті тек керек жерінде ғана қолданып отырғанын аңғарамыз. Бұл оқулықта балалар қызығатындай суреттер, әртүрлі ойын түріндегі топтық, жұптық тапсырмалар, балалардың логикалық дағдысын жетілдіруге бағытталған сұрақтар берілген. Мәселен: