Курстық жұмыс Тақырыбы: «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі Мамандығы: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»


сыныптар арасындағы ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологиясының қолдануының талдамасы



бет7/7
Дата18.12.2023
өлшемі52,25 Kb.
#140495
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Курстық жұмыс - Жекен Мадияр

3.2 3 сыныптар арасындағы ағылшын тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологиясының қолдануының талдамасы
Тәжірибенің екінші аптасында 3 сыныптар арасында тәжірибе жүргізілді. Бірінші сабақ 3 «Ә» сыныбында өткізілді. Сабақтың тақырыбы «My favorite season» болды. Сабаққа қойылған мақсаттар: ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту; ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын арттыру; топпен жұмыс жасай білуге үйрету. Міндеті: Мәтіннің идеясын ашу, ойын түйе білу, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа, өзара ынтымақтастықта бола білуге тәрбиелеу.
Сабақ басында оқушылар интерактивті тақта арқылы бейнероликті тамашалады, осы арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түсті. Бейнеролик арқылы тақырыпты анықтады. Жаңа тақырып бойынша лексика слайд арқылы енгізіліп,түсіндірілді. Жаңа тақырыпты түсіндіргенен кейін интер белсенді тақтаны пайдалану арқылы жыл мезгілдеріне байланысты ойын ойнатылды. Бұл ойында оқушылар тақтаға шығып, суретте көрсетілген мезгілді атап көрсету керек болды. Көрсетілген жауап дұрыс болса, интер белсенді тақтада жасыл түсті белгі, егер жауап қате болған жағдайда, қызыл түсті белгі шығады.
Оқушылар төрт топқа бөлініп, төрт мезгіл бойынша жоба жасады, яғни әр мезгіл айларын атап, әр мезгілге тән ауа-райын сипаттады. Сабақ соңында жобаны қорғап, өздерінің сүйікті мезгілдері туралы қорытындылады.
Сабақта алға қойған мақсатыма жеттім, әр оқушы топта өз білімдерін жетік көрсете алды және топ ішінде жұмыс істеп, қызуғышылықтары оянды.
Сабақта АКТ-ны қолдану нәтижесінде 27 % - тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәлеметтер көлемін ұлғайтайды,яғни уақытты тиімді жұмсаудың мүмкіндігін алады. 30 % - оқушылардың өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалды. 30 % - оқушы өзге оқушылармен топпен бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туды. 20% - сабақты өтілетін тақырыпқа байланысты слайдттарды суреттерді пайдалана отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артты.
Аталған тақырып бойынша «My favorite season» 3«А» сыныбында сабақ өткізілді. Бірақта бұл сабақ АКТ-ны қолданусыз жүргізілді. Бұл сабақ бейнероликтен басталған жоқ, оқушыларға сурет көрсетіп, оқушылардың ойын сұраудан басталды. Келесі кезеңде жаңа лексиканы енгізу. Бұл кезеңде жыл мезгілдереріне байланысты карточкалармен лексика енгізілді. Үшінші кезеңде «What month is it?» ойыны ойнатылды. Бірақта ешқандай сурет көрсетілген жоқ. Ойының шарты бойынша бір оқушы тақтаға шығып жасырылған сөзлердің біреуін алады және бірақ ешкімге көрсетпейді. Қалған оқушылар «Is it September? » деп сұрақ қою арқылы дұрыс жауабын табады.
Оқушылар төрт топқа бөлініп, төрт мезгіл бойынша жоба жасады, яғни әр мезгіл айларын атап, әр мезгілге тән ауа-райын сипаттады. Сабақ соңында жобаны қорғап, өздерінің сүйікті мезгілдері туралы қорытындылады.
Өткізілген сабақты қортындылай келсек, бұл сынып жоғарғы көрсеткіштерді көрсеткен жоқ. Себебі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары жоғары болған жоқ, белсенділіктері төмен болды. Ойын ойнаған кезде көп уақыт кетті. Себебі оқушылар бірден түсінген жоқ, ойын шарты бірнеше рет түсіндірілді.
Тәжірибенің төртінші аптасында 3«А» сыныбында «Travelling.Our metro» тақырыбында сабақ жүргізілді. Аталған сабаққа қойылған мақсат саяхаттау тақырыбы негізінде Алматы метросы және транспорт түрлерімен танысу. Қолданылған жабдықтар Проектор, ноутбук, түрлі – түсті маркер, флипчарт. Сабақтың барысы ең алдымен оқушылар 3 топқа бөлінді. Топқа бөліну прензентация арқылы өтті. Презентацияда транспорттардың түрлерлі яғни (жер, ауа, су) көрсетілді. Оқушылар өздеріне ұнаған суреттерді таңдап, кімде ұқсас көліктер сол оқушылар топ-топ болып отырды. Тақырыпты ашу үшін оқушыларға саяхат туралы сұрақтар қойылды және CD дискіні пайдалану арқылы “Travelling” әнін орындады. Жаңа тақырыпты бекіту үшін интербелсенді тақтада Алматы метросы туралы бейнеролик көрсетіліп, сол жайлы мәтін оқытылды. Балалардың денелерің және ойларын сергіту мақсатында «Types of travelling» бейнеролик арқылы сергі сәті өткізілді. Оқушылар «Саяхат түрлері» әнінен транспорт түрлерін жүргізуді іс- қимылдарымен орындады. Сабақтың соңғы кезеңінде «Маршруттық карта» ойыны ойнатылды. Бұл ойын бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезеңде интербелсенді тақтада ағылшынша сөйлемдер көрсетілді, оқушылар сөйлемдерді қазақшаға аудару керек болды.
I like travelling by train _________________________
My family likes travelling______________________
I go to school by bus ______________________
My sister doesn’t like travelling by train________________
Екінші кезеңде сәйкестендіру оқушылар кезекпен шығып суреттер мен сөздерді сәйкестендірді және соңғы кезеңде слайдта көрсетілген сөйлемдерден түсіп қалған сөздерді шығып жазды.
Got are by does
We like travelling ________ car
There ______ seven stations in Almaty metro
My father has ________ a car
Maxim _______n’t like travelling by plane
Осы таптырмаларды орындау барсыныдан және белсенді оқушыларға күлегештер беріліп, әр оқушыға лайықты бағалар қойылды.
Сабақты қортындылайтын болсақ, сабақ қызықты өтті. Оқушылар өте зор белсенділікпен, қызығушылықпен және жоғыры ынтамен сабаққа қатысты. Сабақ қойылған мақсат нәтижеге жетті.Сабақты талдайтын болсақ, сабақ соңында 64% - транспорт атауын, 25 % - сөйлемде жаңа сөздерді қолдана және 11% - еркін өз ойларын айтып, талқылап айта алды.
Осы тақырып бойынша 3 «Ә» сыныбымен дәстүлі сабақ өткізілді. Сабақ басында оқушылар 3 топқа таратылған суреттер бойынша бөлінді.Ұқсас суреттері бар оқушылар бөлек топ болып отырды.Жаңа тақырып ауызша түсіндірілді ешқандай CD дискісіз. Мәтінмен жұмыс істеу барсында жай ғана тақтада суреттер көрсетілді. Балалардың денелерің және ойларын сергіту мақсатында сергіту сәті өткізілді. Оқушылар көрсетілген жаттығуларды қайталап орындады. Сабақтың соңғы кезеңінде 3 «А» сыныбы сияқты «Маршруттық карта» ойыны ойнатылған жоқ. Оқушыларға сол интербелсенді көрсетілген ойындарды қағазға шығарып берілді. Тапсырмаларды рындап болған соң жиналып алынды. Сабақ барысында белсенді қатысқан және дұрыс жауап берген оқушыларға күлегештер беріліп, баға қойылды.
Сабақты талдау 75 % - транспорт атауын ,15 % - сөйлемде жаңа сөдерді қолданып,10 % өз ойын еркін айтып, талқылай алды. Екінші сыныппен өткізген сабаққа келетін болсақ, 3 «А» сыныбы сияқты жоғары деңгейде меңгерген жоқ себебі бұл сабақта АКТ мүлдем қолданылған жоқ. Сондықтан оқушыларға сабақ біріншіден қызықты болған жоқ, белсенділіктері орташа және жаңа сабақты меңгеру деңгейлері қанағаттанарлық болды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Сондықтан, уақыт талабына сай білім мазмұны жаңарту-бүгінгі күннің басты міндеті. Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр. Қазіргі мектеп жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәрбиелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді шығармашыл педагог-зерттеуші, жаңашыл мұғалім болуды қажет етеді.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Ақпараттық-коммуникативтік технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. 
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетеді. Жаңа технологияларды, АКТны пайдалану тек ғана нәтиженің құндылығын көрсету емес, білім беру үрдісін көтеруге де мүмкіндік береді. 
Тәжіребие өту барсында біз мынандай нәтижелерге келдік:

  1. Ағылшын сабақтарында АКТ-ны қолданудың тиімді жақтары:

  • үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

  • оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

  • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

  • оқушылардың шығармашылығын арттырады;

  • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

  • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

  • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

  • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.

  1. Бірақта АКТ-ны шектеп тыс пайдаланудың келесідей зиян жақтары бар:

  • Денсаулыққа зиян келтіру ;

  • Электр қуатын көп пайдалануы;

  • Компьютерге сеніп қалу.

Қорыта айтқанда, қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын ақпараттық – коммуникативтік технологияның тиімділігі жоғары деп есептейміз.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Ағылшын тілі мектепте. 2009 №5. 2010 №1. 3.

  2. Амандықова Г.Н.,Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана, 2010. 260 б.

  3. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. –Алматы. 2005.

  4. Ефременко В.А. Применение информационных технологий на уроках иностранного языка, ИЯШ №8 2007 с.18

  5. Жалпы орта білімді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасы. –Астана. 2007.

  6. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.

  7. Жаманкарин М. М., Макенова М. Х. Развитие информационно-коммуникационных технологий в Казахстане // Молодой ученый. — 2015. — №4. — С. 175-176.

  8. Исаева Г., Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері.Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3

  9. Иманбаева А. , Оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру. Қазақстан мектебі, №2, 2013

  10. Иманғазиева Ж. Интерактивті тақтаны тиімді қолдану. «Информатика негіздері», №2-2011ж.

  11. Құбашева М., Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту. «Информатика негіздері», №4-2011ж.

  12. Сенғалиева С.С.Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5

  13. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

  14. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы. ЖШС «Дайыр Баспасы», 2010 ж.Мектептегі шет тілі. №4, 2011. 28 б.

  15. Мамраев Б. Б. Акимбаева А. М., Джусупов А. А., Малишевский Е. В. «Форсайт информационно-коммуникационных технологий и связи в республике Казахстан». Усть-Каменогорск. Изд-во ВКГУ им. С. Аманжолова. 2009.

  16. Мұхамбетжанова С.Т. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» п.ғ.к., ББЖКБАРИ,2012

  17. Өстеміров. К.Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2007. –Б.32-33. 

  18. Сұлтанова Г. «АКТ арқылы ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру» «Жайық ұстазы», 2011, № 6-7, 1- бет.

  19. Сергеева М. Э. Новые информационные технологии в обучении английскому языку // Педагог. - 2005. - № 2. - с .162-166

  20. Синегубова Н. М. Информационные технологии на уроках английского языка // Школа. – 2006. - № 2. – с. 43-44


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет