22
3.Қoрытынды
Курстық жұмыс өзектілігі негізінде ең алдымен консонантизм ұғымына
түсінік берілді. Хронологиялық реті бойынша консонантизмдердің зерттелім
жүйесі жіктеліп, кезең - кезеңдерге бөлініп жазылды. Дәуір өткен сайын
ғалымдардың консонантизмдерді зерттеу нәтижелері әртүрлі өзгеріске
түскенін, консонантизмдердің санын әртүрлі көрсеткенін байқай аламыз.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қазақ фонетикасы Кеңес дәуіріндегі
орыс ғалымдардың зерттеулерінен бастау алып, қазіргі таңдағы
лингвистикамыз -Әлімхан Жүнісбеков пен І.Кеңесбаевтың еңбектерімен
негізделетінін анықтадық. Сәйкесінше, қазіргі кезде мектептерде және
жоғарғы оқу орындарында соңғы зерттеліп, дұрыс деп бекітілген осы
ғалымдардың пайымдауымен оқытылып келеді.
Жоспар бойынша келесі зерттеу тарауында консонантизмдердің емлесі
туралы ақпараттарға Р.Сыздықова еңбектерін арқау еттік.
Қазақ тілінің басты жетістіктерінің бірі - ғалымдардың зерттеу еңбектері
негізінен туған дауыссыз дыбыстардың жіктеліміне зерттеулер жүргізілді.
Алынған ақпараттарды игере отырып, ғалымдардың жіктелімдері мен
зерттеулерін саралап, жинақтап, курстық жұмыстың жаңашылдығы ретінде
тиімді әрі түсінікті кесте жасалынды.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарымызға сүйене отырып, міндеттелген
М.Әуезовтың ,,Қорғансыздың күні” шығармасынан үзіндіге талдау
жасалынды. Талдау ғалымдардың топтастырылулары негізінде жасалып,
авторлары көрсетілді.Консонантизмдерге қатысты терминдерге анықтамалар
берілді.
Қорытындылай келе, зерттеу жұмысы дауыссыз дыбыстарды толықтай әрі
тереңірек тануға, ізденуге жол сілтеді.
Достарыңызбен бөлісу: