Курстық жұмыс Тақырыбы: Мектеп жасындағы дарынды оқушылардың психикалық дамуы Орындаған: Әлиханов. А. А тексерген: Курмантаева А. А. Қорғауға жіберілді: “ ” 2022 Бағасы: “ ” Ақтөбе, 2022 мазмұНЫ


III. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау әдістері



бет6/10
Дата06.12.2022
өлшемі57,46 Kb.
#55440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мектеп жасындағы дарынды ^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^Gоқушылардың психикалық дамуы ^G (копия) (копия) (копия) (копия)

III. Дарынды оқушылардың қабілетін анықтау әдістері
3.1. Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды балалардың қабілетін анықтау - баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылып анықтау қажет.
Дарынды балалардың қабілетін анықтау үш деңгейде қарастырылады. Олар: теориялық, әдістемелік, педагогикалық - ұйымдастыру.
1. Теориялық - дарындылықты анықтау.
Әр оқушының дамуы мен келешекте оқыту аспектілерін ұйымдастыру және оның зерттеу жұмысының нәтижесі негіз бола алады.
2. Әдістемелік - қабылданған анықтау әдісі мен дарынды оқушының білімін дамыту бағдарламасының сәйкестігі.
3.Педагогикалық-ұйымдастыру - дарынды балалармен диагностикалық жұмысты таңдау түрі мен ұйымдастыру әдісінің болжамы.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп,бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, ендеше мен өзімнің тәжірибемнен бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына үлкен жауапкершілікпен қараймын. Осылай дарынды оқушымен жұмыс жүргізгенде мақсаты мен міндетін қоямын.
Дарынды оқушымен жұмыс бастамас бұрын мұғалімге талап қойылады:
1. Дарынды баланы анықтауда психологпен бірлескен жұмыс жасау;
2. Ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу;
3. Дарынды балаларға арнайы бағдарламалар жасау;
4. Дарынды балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру, орындалуына талап қою;
5. Жаңа технология элементтерін сабақта пайдалану;
6. Тапсырманың орындалу нәтижесін қадағалау.
Дарынды оқушылармен мына жұмыстар жүргізіледі:
1. тестпен жұмыс;
2. қосымша материалдармен жұмыс;
3. мектепішілік сайыстарға қатыстыру;
4. аудандық , қалалық , республикалық , олимпиадаларға қатыстыру;
5. ғылыми жоба қорғау.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің
біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілерінің бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімдіқайта жаңарту болып табылады.
Шығармашылық - зерттеу тәртібінің маңызды сипаттамасы. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қалмай, шығармашылықпен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті.
Психологтар «зерттеу тәртібін» тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуда маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сөйтіп, білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін, мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес.
Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Солардың ішіндегі ең тиімдісі (зерттеуге оқыту)- оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан ізденушілікке баулу бастауыш сыныптан басталуы тиіс. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі- оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
Дарынды бала қойылған проблеманы тұтастай көре біліп, оған байланысты болмыс сырларын көптеп шешуге, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығады, түсініксіз нәрсені білуге ынтазарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға бейім келеді.
Сондықтан мектеп оқушыларының дарындылығын дамыту жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру басты мақсат, ғылыми проблема болып табылады.
Анықтаманың мазмұны бізге қазіргі мектеп оқушыларының дарындылығын дамытудың моделін жасауға мүмкіндік берді.
Ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылығын дамытудың деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері оқушылардың шығармашылық дарындылығының 3 деңгейін көрсетті: креативті деңгей, интегративті деңгей, когнитивті деңгей.
Сонымен, ұсынылып отырған шығармашылық дарындылықты дамытудың құрылымдық- мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы мен олардың даралық ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, креативтілігін арттырып, шығармашыл дарынды тұлғаның қалыптасуына негіз болады деп есептейміз.
Дарындылықты дамыту мәселесі бойынша жасалған теориялық талдаулар негізінде мына тұжырымға келдік.
1. ХХІ ғасырдың әлеуметтік-экономикалық көзқарасы-шығармашылық тұлғаны қалыптастыру мәселелерін қоғамдық басымдылыққа айналдыру. Шығармашылық тұрғыда ойланатын, интеллектуалдық сипатта әрекет ететін жас адамдардың тәрбиеленуі, оқуы және ой-өрісінің дамуы мемлекеттік сипат және әлеуметтік мән-мазмұнға ие болуда.
2. Шығармашыл дарынды тұлғаны дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін оқу еңбегінің шығармашыл, вариативті құрылымын талап етеді.
3. Дарындылық феноменін зерттейтін ғылыми ойдың дамуына өткенді шолу көзқарасы негізінде оны әлеуметтік мәселе ретінде оқыту қоғам дамуындағы постиндустриалды фазаның басталуымен ерекшеленетінін, бүгінгі күні бүкіл әлемдік ғылымда осы феноменнің табиғаты жөнінде терең білімнің қажеттігін көрсетеді. Дарындылықтың мазмұнды интерпретациясы диагностиканың психологиялық-педагогикалық көптеген тұжырымдамаларының, оқушы әлеуетінің танымдық-шығармашылық дамуының биік тұғыры болып табылады.
4.Шығармашылық дарындылық мәселелері жөніндегі ғылыми ақпарат көздерін зерделеу берілген феноменнің анықтамасымен салыстырғанда бірізділіктің жоқтығы, әртүрлі пікірлердің көп екендігі байқалады. Шығармашылық дарындылық ақыл-ой және мотивациялық факторлар ықпалдастығында осы құбылыстың түсінігін тұтастай ашып көрсететін жаңа бағдар ретінде қарастырылады. Дарынды тұлғаның сапалық сипаты өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл іс-әрекетке қабілеттілік, креативтілік, танымдық-интеллектуалдық қызығушылығының кеңдігімен және барлық жаңалыққа ашықтықпен анықталады.
5.Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін зерделеу-
дарындылықты дамытуда шығармашыл ойлаудың дамуына септігін тигізетін функционалдық мүмкіндіктері, тұғырлы идеяларды генерациялау дағдысы, ойлаудың дәстүрлі түрінен бас тартуы, өзекті мәселерді жүйелі шешуі бастауыш сынаптағы танымдық іс-әрекет үрдісінде шығармашыл тұлға ретінде қалыптсауының факторы болып табылады.
Сонымен қазіргі кездегі білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланыңшығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды балаларды тану - нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ үрдіс. Қайсыбір әдістің көмегімен зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтау кезінде кешенді көзқарас танытқан маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет