Курстық жұмыс Тақырыбы: Мектеп жасындағы дарынды оқушылардың психикалық дамуы Орындаған: Әлиханов. А. А тексерген: Курмантаева А. А. Қорғауға жіберілді: “ ” 2022 Бағасы: “ ” Ақтөбе, 2022 мазмұНЫ


I.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау. 1.1 Дарындылық туралы жалпы ұғым



бет2/10
Дата06.12.2022
өлшемі57,46 Kb.
#55440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мектеп жасындағы дарынды ^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^Gоқушылардың психикалық дамуы ^G (копия) (копия) (копия) (копия)

I.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау. 1.1 Дарындылық туралы жалпы ұғым

Әр адам балалық шағы мен жасөспірім кезінен өмірде үлкен жетістіктерге жетуді армандайды. Жастық шақ – іздеу, үміт, күдік, алаң уақыты. Көптеген балалар ерте кезден бастап әр түрлі іс-әрекеттерге байланысты қабілеттер таныта бастайды. Дегенмен, бұл қабілеттер уақыт өте келе өз күшін жоғалтып, болашақта оның кәсіптік қалыптасуына әсер етіп, ол қарапайым «орташа маман» болып қалады.


«Дарындылық» пен «қабілеттер» түсініктері өзара ұқсас келеді. «Қабілет» сөзі екі мағынаны білдіреді: 1) табиғи дарындылық; 2) мүмкіндік, бір нәрсе істеу.
Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі дарындылық деп аталады [1].
Дарындылық – адамның ой-өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан-жақты дамудың қайнар көзі, жекелеген қабілеттердің шарықтап дамуының нәтижесі. Бұл – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс-тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі[2].
Дарындылық ұғымының мәні мен мазмұнын анықтауда интеллектуалдық, шығармашылық, талант, данышпандық, танымдық белсенділік ұғымдары маңызды болып табылады.
Талант – қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол суретшінің, өнертапқыштың, ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де мамандық иелерінің өзгешелігімен, түпнұсқалылығымен ерекшеленетін еңбектерінің болуымен сипатталады.
Данышпандық – қоғам өміріне тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Данышпан адам өз ісінің аумағында жаңа ғасыр тудырады. Әрине, бұл ұғымдар, жеке адамдық қасиеттер өзара бір-бірімен тығыз байланыста пайдаланылады [3].
″Дарындылық" деген ұғым "қабілеттілік" деген ұғымға өте жақын. Қабілеттілік – адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік. Яғни, белгілі бір тәсілді игерудегі
шапшаңдықтың, тереңдіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі. Сонымен қатар, қабілеттілік – әркімнің қолынан, бірдеңе келуінің мүмкіншілігі, оның белгілі істерді үлгіруге бейімделген психикалық қасиетінің ерекшелігі[5].
«Қабілеттер» философиялық энциклопедиялық сөздіктерде бұл - белгілі бір іс-әрекеттің табысты болуының субъективті шарттары болатын тұлғаның жеке ерекшеліктері. Қабілет индивидтің білімі, дағдысы, іскерлігіне сәйкес келмейді. Ол кейбір іс-әрекеттерді меңгерудегі әдістердің жылдамдығы, тереңдігі мен беріктігінде. Және ол ішкі психологиялық реттегіш болып табылады.
Бүкіл дүние жүзінде дарындылық мәселесі аса үлкен қызығушылық туғызды, өйткені бұл мәселесі кейде мүлде болмады, ол кейде қызу талқылау үстінде болды. Бұл жағынан дарынды балаларға арналған мектептер болды, бұл мектептерде әртүрлі, көптеген сайыстар (интеллектуалдық, музыкалық, спорттық және т.б.) өткізілді,бұл сайыстар балалардың қабілеттерін ашуға көмек берді. Екінші жақтан, тепе – теңдік мәселесі қабілеттерге де таралды. Оқудағы элитарлық дарындыларға арналған сәйкестендіру (идентификациялық) тестілері әрқашан қатал сынға алынды. Соңғы жылдары бұл проблемаға деген қызығушылық өсті. Дарындылығы жоғары дамыған балаларға арналған мектептер ашыла бастады.
Егер адам белгілі бір қабілеттерге ие болса, бірі мінез жағынан, екінші әлемді қабылдаудан, бұлар қоршаған ортамен әртүрлі қарым – қатынас жасайды және әртүрлі еңбектенеді. Біз көбінесе өз құрдастарынан аса көп білетін дарындылық жайында мәселе қозғаймыз. Бұдан да бөлек және қиын тағы да бір дарындылық түрі бар. Бұл дарындылық түрі ұстаздың көзіне жеңіл түсіп, қиын қабылданатын жетекшілік немесе әлеуметтік дарындылық. Бұл сөздің синонимі «ұйымдастырушылық қабілеттілік».
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде барлық дамыған елдерде дарынды балаларды анықтау, оқыту, дамыту, жұмыстары жандандырылады, себебі әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени процестерінде тұлғаның ролі өзгерді. Барлық мәдени, ғылыми, өнер, өндірістік, басқару өрістерге дербес, шығармашылық ойлауға қабілетті жас мамандар қажетті болып келеді.
Мұғалім дарындылық түрлерін білу керек, біріншіден, баланың мүмкіндіктерін дұрыс бағалап және оған оның мәселелелерін шешуге көмектесу, болашақ мамандығына дұрыс бағыт – бағдар беру, екіншіден, дарындылықтың түрін білмеген соң, кейбір оның түрлерін ажырата алмайды, баланың ақыл – ой және шығармашылық әрекетінің кәдімгі еместігін оның тәртіпсіздігі немесе оғаштық болып есептелінеді.
Көптеген мамандарға да осы құбылыс күрделі және де жұмбақты да болатын мәселеде мұғалім өзінің оқушыларында дарындылықтың негізгі түрлерін көріп, ажырату керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет