Курстық жұмыс Тақырыбы: Мектеп жасындағы дарынды оқушылардың психикалық дамуы Орындаған: Әлиханов. А. А тексерген: Курмантаева А. А. Қорғауға жіберілді: “ ” 2022 Бағасы: “ ” Ақтөбе, 2022 мазмұНЫ


Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық көзқараста оқып-зерттелінуі



бет3/10
Дата06.12.2022
өлшемі57,46 Kb.
#55440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мектеп жасындағы дарынды ^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^G^Gоқушылардың психикалық дамуы ^G (копия) (копия) (копия) (копия)

1.2.Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық көзқараста оқып-зерттелінуі

Д.Ж. Рензули бойынша дарындылық дегеніміз – үш байланыстың үйлесімділігі жоғары интеллекілік, креативтілік және нәтижеге жетудегі ынталылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал креативтілік нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі.


Л.А. Венгердің, Г.В. Бурменскаяның «Дарынды балалар» еңбегінде «Егер оқушы кез келген еңбегінде, шығармашылық жұмысында жоғары көрсеткішке жетіп, өз құрбыларынан ерекшеленсе, ондай оқушы дарынды болатынын айтады».
Дарынды оқушылардың ерекшеліктері:
Ойлау ерекшелігі;
- Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;
Әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
Кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы.
Ішкі сезім ерекшелігі:
Сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
Интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы, байқағыштығы өте жоғары, білімге, жаңалыққа құмар, алған білімдерін кез-келген уақытта еске түсіріп, пайдалана алады, құрдасарынан көп біледі);
Жан дүниесінің тереңдігі;
Кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
Өз талап тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму;
Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.
Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында:
Оқуды есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады;
Математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап, математикалық белгілерді есте сақтап, өздеріне қажет жағдайда қолдана алады;
Қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады;
Шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбінесе өзі тың нәрсе жасайды, көркемдік-қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды.
Дарындылардың ішінде де үлгерімі төмен немесе үлгермейтін оқушылар кездеседі. Оның себебі:
Талаптың, мотивацияның төмендігі;
Жұмыс істеу құштарлығының төмендігі;
Білім қабылдаудың дұрыс ұйымдастырылмағандығы.
Осы себепте, оқушылар бір сатыдан екінші сатыға көтерілгенде, мектеп «неврозына» (мектептен қорқу) шалдығып кетпеу үшін мектеп психологтары үлкен жұмыс атқаруы қажет.
Белгілі ағылшын психологы П. Торанстың зерттеуі бойынша, қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек, осы сияқты қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Ресей психологтары дарындылық туралы мынандай анықтама берген: «Дарындылық – психиканың жүйелі, өмір бойы дамитын қасиеті. Ол басқа адамдармен салыстырғанда іс-әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде адамдардың ең жоғарғы нәтижеге жету мүмкіндігін анықтайды».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет